Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы Майлуу-Суу қаласын бір кездері әсем табиғаты мен инфрақұрылымының ұқсастығына байланысты екінші Швейцария деп атайтын. Қазір бұл қаланың маңында ірі радиоактивті қалдықтар қоймасы бар. Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшісі Улан Асаналиевтің фоторепортажы.
Майлуу-Суу. Тау төсіндегі қала
Қырғызстанның Майлуу-Суу қаласын бір кездері екінші Швейцария деп атайтын.

1
СССР кезінде, 1948 жылы Майлуу-Суу өзені аңғарында уран өндірумен айналысатын кен орны ашылған. Уран комбинаттары 1968 жылға дейін жұмыс істеді. Қазір кезде бұл маңда радиоактивті қалдықтар сақталған қойма бар.
Суретте: Майлуу-Суу қаласында әуеде ұшып жүрген квадрокоптерге қарап тұрған балалар.
Суретте: Майлуу-Суу қаласында әуеде ұшып жүрген квадрокоптерге қарап тұрған балалар.

2
Майлуу-Суу қаласының бюджетін қалыптастырып отырған кәсіпорын - электр шамын шығаратын зауыт.

3
Майлуу-Суу қаласы төңірегіндегі табиғат көрінісі.

4
Арнасынан шыққан өзен зиянды қалдық қоймасына қауіп төндірді.

5
Статистика бойынша, экологияның нашарлауы салдарынан іштен ауру болып туған бала әрбір бесінші отбасында бар.

6
Үй терезесінен далаға қарап тұрған қыз.

7
Зиянды қалдық қоймасы маңындағы белгі.

8
Қауіпті аймақ.

9
Тау соқпағындағы бала жетектеген әйел.

10
Майлуу-Суу қаласында бұрын орыстар көп тұратын. Қазір олардан санаулы отбасы ғана қалған.

11
Темір құбырдың үстінде ойнап отырған қырғыз баласы.

12
Майлуу-Суу қаласының жас тұрғындары.

13
Шатыр қалашық.

14
Кейбіреулер үй ауласынан аттап шыға алмайды.

15
Тау соқпағымен кетіп бара жатқан адамдар.

16
Жүк артылған есек жетектеген бала.

17
Майлуу-Суу қаласының көрінісі.

18
Майлуу-Суу қаласының іргесіндегі соқпақ жол.