Accessibility links

Дөңгелек үстел


please wait

No media source currently available

0:00 0:30:00 0:00
Жүктеп алу

Азаттық радиосының кезекті дөңгелек үстеліне қатысқан тәуелсіз сарапшылар: - Жоғарғы саяси билікке Қазақстанның ұлттық мемлекет болып қалыптасуы ұнамайды, сол себепті де соңғы жылдары шетелдерден қазақ қандастарын елге көшіру үрдісін баяулатып келіп, енді мүлде тоқтатты, - дейді.  Олар көші-қон квотасының тоқтатылуын, елде қазақтардың үлес-салмағының 67 пайызға жетуімен және жоғарғы саяси билікке Қазақстанның көпұлтты мемлекет болуының тиімді көрінуімен тығыз байланыстырады. Сарапшылардың мұндай пікірлер айтуына Қазақстан үкіметінің шетелдерден қазақтарды елге көшіру квотасын өзінің арнайы нұсқауына дейін-ақ тоқтатқаны себеп болып отыр. Үкімет бағдарламасына сәйкес, квота 2011-2014 жылдарға арналған болатын. Көші-қон комитетінің хабарлауынша, үкіметтің 2011 жыл 22 желтоқсандағы қаулысымен шетелдік қазақтарды көшірудің 2011-2014 жылдарға арналған квотасы жыл сайын елге 10 мың қазақ отбасын көшіріп қоныстандыруды қарастыратын.  Оған қоса егер Қазақстан президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы жарлығына сәйкес, 2011 жылы Қазақстанда 20 мың қазақ отбасын қабылдап, қоныстандыру көзделген болса, іс жүзінде бұл квота 36,5 процентке ғана орындалып, елге 7 мың 300-дей отбасы немесе 29 мыңдай қазақ қоныстанды.

XS
SM
MD
LG