Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдеуінше, алдағы 1 Мамыр мейрамы «тұңғыш рет жаппай және патриоттық шерулермен атап өтілмекші». Мұндай жаппай және патриоттық шерулердің «жаңалығы» неде? Совет заманында 1-інші мамыр шерулеріне халық күштеп, мәжбүрлеп шығарылатын және жұрт Компартияның Кремльдегі және әр республикадағы партия көсемдерінің портреттерін көтеріп шығатын. Ал бүгінгі Қазақстаннда қайта жаңғыратын «жаңа» патриоттық шеруге жұрт қолдарына не ұстап шығады? Азаттық радиосының кезекті дөңгелек үстелі осы тақырыпқа арналды. Дөңгелек үстелдің толық аудио-үлгісі мен жазбаша мәтінін Азаттықтың Интернет-сайтынан тыңдап оқуға болады.