Донецкіні қоршау
Украинаның шығыс аймағында антитеррорлық операция жүргізіп жатқан үкімет әскері Донецк маңына шоғырланып, биліктің бұйрығын күтіп тұр. Донецкідегі ресейшіл сепаратистер қала «қоршау жағдайында» деп жариялады. Украина билігі бейбіт тұрғындар арасында көп шығын болуы мүмкін екендігін ескеріп Донецкіге шабуыл жасамағанын, қаланы қоршауда ұстап барып алу тиімді болатыны айтады. Сепаратистер ошағының бірі Луганск қаласы да қоршауға алынған – қалада электр қуаты, су, ұялы телефон байланысы жоқ.