Донецкідегі ресейшілдер акциясы
Наурыздың 16-сы, жексенбі күні Украинаның шығысы мен оңтүстік аудандарында ресейшілдер шерулері өтті. Донецк қаласында көшемен жүріп өткен бірнеше мың адам жол-жөнекей есік-терезелерді сындырды. «Донецк!», «Қырым!», «Ресей!» деп айғайлаған олар Украина құрамынан шығу туралы референдум өткізуге шақырды. Донецк прокуратурасының ғимаратына баса-көктеп келген ресейшіл шерушілер тобы өзін өзі Донецкінің губернатормын деп жариялаған Павел Губаревті қамаудан босатуды талап еткен.