Ресей 2014 жылы Сочи қаласында өтетін қысқы олимпиадаға дайындалып жатыр. Ал суретші Василий Слонов осы дайындық пен жарнама науқанын әжуалаған сатиралық суреттер көрмесін ұйымдастырды. Ол суреттерде Ресейдегі қуғын-сүргін мен спорт көріністері қатар бейнеленген. Пермь қаласында өткен «Ақ түндер» атты мәдени фестивалге қойылған бұл көрмеге биліктің назары бірден түсті – фестиваль жабылды, шара өткен жер - Пермьдегі қазіргі заман өнері музейінің кураторы жұмыстан шығарылды. Жұмыстан босатудың себебі ретінде Слоновтың Сочи олимпиадасы символикасын дұрыс пайдаланбауы аталды.
Сочиге қош келдіңіз!
![Василий Слоновтың сатиралық постерлерін жұрт экраннан көрді. Суреттің бірінде Иосиф Сталин "олимпиада аюы" ретінде бейнеленген. ](https://gdb.rferl.org/D5663F8F-DA38-48BC-9B77-07CC5825B919_w1024_q10_s.jpg)
1
Василий Слоновтың сатиралық постерлерін жұрт экраннан көрді. Суреттің бірінде Иосиф Сталин "олимпиада аюы" ретінде бейнеленген.
![Мына бір постерлерде орыс мәдениетінің символдары - матрёшкалар мен Чебурашка қорқынышты түрде бейнеленген. ](https://gdb.rferl.org/867C9BC5-7FF3-45F4-96C5-6BD6A6CC2E29_w1024_q10_s.jpg)
2
Мына бір постерлерде орыс мәдениетінің символдары - матрёшкалар мен Чебурашка қорқынышты түрде бейнеленген.
![Василий Слонов өзі салған "Сочиге қош келдіңіз!" атты суреттер сериясына қарап, күліп тұр. ](https://gdb.rferl.org/4A103E56-57CC-44BC-B7C6-794C862C3BC3_w1024_q10_s.jpg)
3
Василий Слонов өзі салған "Сочиге қош келдіңіз!" атты суреттер сериясына қарап, күліп тұр.
![Зират басына қойылатын белгілер мен оларға кигізілген хоккейшілердің бас киімі. ](https://gdb.rferl.org/C528254E-FC4F-44F8-833A-6E95B9C6B59E_w1024_q10_s.jpg)
4
Зират басына қойылатын белгілер мен оларға кигізілген хоккейшілердің бас киімі.
![Совет кезеңінің қорқынышты символына айналған жерлерді - Гулаг, Чернобыль, Сибирь, Лубянканы көрсетіп тұрған баған. ](https://gdb.rferl.org/8B82B462-B03D-44F2-838A-E6ABD0847D79_w1024_q10_s.jpg)
5
Совет кезеңінің қорқынышты символына айналған жерлерді - Гулаг, Чернобыль, Сибирь, Лубянканы көрсетіп тұрған баған.
![Сочидің үстінен ұшып бара жатқан матрёшка-ұшақ. ](https://gdb.rferl.org/B0BDBBDF-86FF-4952-99E7-D2F6A2C66920_w1024_q10_s.jpg)
6
Сочидің үстінен ұшып бара жатқан матрёшка-ұшақ.
![](https://gdb.rferl.org/814FC7DD-FB95-4BAE-A944-7FE09AEFCE3C_w1024_q10_s.jpg)
7