Accessibility links

Вакцинадан бас тартудың әртүрлі себебі айтылды


Дәрігер балаға полиомиелиттің вакцинасын салып жатыр. (Көрнекі сурет)
Дәрігер балаға полиомиелиттің вакцинасын салып жатыр. (Көрнекі сурет)

Ақтөбеде баласына вакцина салғызудан бас тартқан адамдар көбейіп барады. Олардың бірі «ауру да, шипасы да – құдайдан» десе, енді бірі екпенің сапасына сенбейді.

Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемологиялық бақылау департаментінің директоры Жайдар Құрмановтың айтуынша, облыс аумағында ата-анасы вакцина салғызудан үзілді-кесілді бас тартқан 765 бала бар. Оның 407-сіне туғалы бері бірде бір рет екпе салынбаған.

– Облыста баласына вакцина салдырудан бас тартушылар көбейіп келеді. Бұл осы аймақтағы балалар арасында түрлі індеттің таралуына себепкер болуы мүмкін, – дейді Жайдар Құрманов.

Екпеден бас тартушылар көбінесе Ақтөбе қаласы мен облыстың Темір, Мұғалжар аудандарында тұрады. Алға мен Шалқарда да екпеге қарсы адамдар аз емес.

Темір ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Қайрат Аяпбергеновтің сөзіне қарағанда, ол ауданда 131 тұрғын баласына вакцина салдырудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.

– Былтыр олардың арасында жүргізілген санитарлық-ағарту жұмыстары нәтижесіз
Медбике үш айлық сәбиге вакцина салып жатыр. Ақтөбе, 25 қаңтар 2012 жыл.
Медбике үш айлық сәбиге вакцина салып жатыр. Ақтөбе, 25 қаңтар 2012 жыл.
болды. Үгіт-насихатты биыл да жалғастырып жатырмыз, – деді Қайрат Аяпбергенов.

Оның айтуынша, Темір ауданында тұратын 131 адамның барлығы бірдей діни көзқарасына байланысты екпеден бас тартқан. Осы аудандағы вакцинаға қарсылық білдіріп отырған ата-аналар негізінен Кеңқияқ, Шұбарши ауылдарында тұрады.

«ҚҰДАЙДЫҢ ШИПАСЫ» МЕН «ЕКПЕНІҢ САПАСЫ»

Ақтөбедегі бір жарым жасар Сараның анасы Алмажан Боранбаева да – баласына вакцина салдыруға қарсы адамдардың бірі.

– Ауру да, оның шипасы да бір Алладан ғана беріледі, – дейді 38 жастағы Алмажан Боранбаева.

Дін жолын ұстанатынын айтқан ол екпеге қарсы екенін жазбаша түрде растап, ол
Дәрігер балаға вакцина салып жатыр. (Көрнекі сурет).
Дәрігер балаға вакцина салып жатыр. (Көрнекі сурет).
құжатты Ақтөбенің 11-ықшамауданындағы емханаға тапсырған.

– Сәбиге жасанды иммунитеттің не қажеті бар? Тұмаурата қалса, кәдімгі ара балымен, қара зере майымен емдеп аламын. Құйттай баланың ағзасын осы бастан түрлі химикатпен улаудың қажеті шамалы, – дейді Алмажан Боранбаева.

Ақтөбе қаласының Карина есімді тұрғыны вакцина (АКДС) салғызған соң бір жарым жасар ұлының аяғы ісіп кетіп, «ауруханадан аурухана қоймағандарын» айтады.

– Екпе десе, жүрегім аузыма тығылатындай жағдайға жеттім. Мен діннен хабары аз адаммын. Мәселе онда емес. Зиялы деген таныстарымның арасында да баласына кішкентай кезде екпе салдыртпай, мейлінше есейгенін күтетіндер бар. Маған салса, енді вакцина салдыртпас едім. Әттең, онсыз ұлымды ертеңгі күні балабақшаға алмайды ғой, – дейді Карина.

Каринаның пікірінше, жұртты вакцинадан шошытып отырған – дін емес – екпенің сапасына деген сенімсіздік, вакцинадан соң сал боп қалған балалар туралы әңгімелер.

«ӨЛЕР-ӨЛМЕСІҢІЗДІ БІР ҚҰДАЙ БІЛЕДІ»

Ақтөбе облысының бас имамы Әбдімүтәліп Дәуренбеков вакцина салуды қолдайды.

– Қанша жерден ине салдырсаңыз да, өлер-өлмесіңізді бір Құдай ғана біледі. Ол
Ақтөбе облысының бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков. Жеке мұрағаттағы сурет.
Ақтөбе облысының бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков. Жеке мұрағаттағы сурет.
рас! Бірақ мұсылман баласы «құдайдың қолындағы шаруа» деп өз денсаулығына бейжай қарап, қол қусырып отырмауы керек. Мен имам ретінде өз уағыздарымда вакцинаның қажеттігі туралы жиі айтамын. Ал, маған қарсы уәж айтушылардың көбі Жданов деген орыс ғалымының зерттеулерін алға тартады, – дейді Әбдімүтәліп Дәуренбеков.

Имамның ойынша, бұл мәселені шешу үшін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі екпеге байланысты ұстанымдарын ешбір сауал туындамайтындай етіп, өтімді, түсінікті етіп жеткізулері керек.

Екпе мәселесі бүгін Астанада өткен үкімет жанындағы діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі кеңесте де айтылды.

– Денсаулық сақтау мәселесіне байланысты балаларды әртүрлі діни наным мен екпе ауруларына қарсы екпе жұмыстарын жүргізбеу мәселесі – екі түрлі нәрсе, – деді дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф.

Оның пікірінше, «дәрігерлердің екпе жайын түсіндірмеуінің имамдарға, шариғатқа еш қатысы жоқ».
XS
SM
MD
LG