Азаттық тілшісінің желтоқсанның 19-ы күні Жаңаөзен және Ақтауда түсірген фотосуреттерін көріңіздер. Фотолар желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзенде болған қанды қақтығыстан кейінгі ахуалдан хабар береді.
Маңғыстаудан жеткен соңғы суреттер

1
Жартылай жанып кеткен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі басылған банер. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл

2
Жаңаөзен қаласындағы арнайы жасақ сарбаздары. 19 желтоқсан 2011 жыл

3
Полиция қызметкері жергілікті тұрғынды тексеріп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл

4
Жаңаөзендік Сандуғаш Аманжолова 16 желтоқсан күні полицияның қолына түскен күйеуін әлі таба алмағанын айтып жылап тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл

5
Жергілікті тұрғын тегіс оқпанды қарудан атылған оқты көрсетіп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл

6
Қақтығыстан кейінгі Жаңаөзеннің орталық алаңы. 19 желтоқсан 2011 жыл

7
Жаңаөзен тұрғыны қаланың дүкендерінде азық-түлік қалмағанын айтады. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл

8
Орталық алаңдағы мерекелік транспаранттардың үстіне ілінген қолдан жасалған ұран. Ақтау, 19 желтоқсан 2011 жыл

9
Тегіс оқпанды қару және Калашников автоматын ұстаған полиция қызметкерлері митингіге шыққандарды бақылап тұр. Ақтау, 19 желтоқсан 2011 жыл

10
Жаңаөзендік мұнайшыларға қолдау көрсету үшін орталық алаңға шыққан ақтаулық тұрғындар. Ақтау, 19 желтоқсан 2011 жыл

11
Орталық алаңға жиналған наразылық танытушылардың талап-тілектері. Ақтау, 19 желтоқсан 2011 жыл