Accessibility links

Қандай тамаша мәдениет!


Жапон құтқарушылары апат аймағында. Отсучи, 17 наурыз 2011 жыл
Жапон құтқарушылары апат аймағында. Отсучи, 17 наурыз 2011 жыл

Әдеттегідей күнделікті халықаралық жаңалықтарды әзірлеп отырған кезімде мына бір қызықты ақпарат көзіме түсті.


Жапония халқы наурыз айындағы зілзала мен цунамиден зардап шеккен аймақтардағы үйінділер астынан табылған 3,7 миллиардтай иенді (48 миллион АҚШ долларын) полицияға апарып беріпті. Естеріңізде болса, наурыздың 11-індегі табиғи апаттан Жапонияда кемінде 16 мың адам қаза болып, жүздеген мың адам үй-күйсіз қалған еді. Билік орындарының айтуынша, сонымен қатар 5700 сейф табылыпты. Олардың ішінде 2,36 миллиард иен көлемінде ақша болыпты. Жергілікті тұрғындар тапқан әмияндарды өз еркімен полиция бекеттеріне тапсырып жатқан екен. Полиция баспасөз хатшысы «бұл - таң қаларлық жайт емес, бұл - Жапонияда табиғи құбылыс» деп атап көрсетіпті.

Дегенмен жеке басым жапониялықтардың әрекетіне сондай қатты сүйсініп кеттім. Қандай керемет мәдениет десеңші! Ал сіз тапқан ақшаңызды полицияға апарып берер ме едіңіз?
XS
SM
MD
LG