1940 жылы Баян-Өлгий аймағын өз қолымен орнатқан алғашқы тұлғалардың бірі де бірегейі Жеңісхан Дүзелбайұлы 1968 жылы еңбек демалысына кеткенімен, артында елін басқарып отырған жастарға не бір ұлағатты әңгімелерді, ұлтын-халқын сүюді және халқының ерен ерекшеліктерін жастардың құлағына құйып аманаттағанын сол кезде жазушы журналистер талай жазған-ды. Соның бірі – Махбуздың «Патша балам» кітабында қоғам қайраткері Жеңісханмен сұхбаты.
Сұхбатта айтылғандай моңғол елінің маршалы, әйгілі қолбасшысы Чойбалсын 1939 жылы Хобда аймағында батыс өңірдегі моңғол, қазақтарды басқарып отырған. Сол кездегі басшылардың бәрін жыйып алып, қазақ аймағын орнату жайлы сөз болғанда ол:
- Қазақ халқын «бага ястан» (ұсақ сүйектілер) деуді, «хасаг» деген атауларды тоқтату керек. Қазақ ұлтының моңғол ұлтынан еш айырмашылығы жоқ. Қазақ халқы Моңғол мемлекетінің өзінің ұлт тілінде мектебі бар, баспасөзі бар дербес бір аймағы бола алады. Мемлекеттік 8-ші съезге қазақ халқынан өкілін көп сайлау керек. Осыны, Жеңісхан, сен жақсылап ұйымдастырып әкел. Мен қазақ сұмындарын аралаған сапарымда қазақ халқының бірталай жақсы дәстүрлерімен әдет-ғұрпын, ерекшеліктерін аңғардым. Сендер жазып алыңдар, - депті маршал Чойбалсын Жеңісханға.
- Маршал Чойбалсын қазақ халқының ерекшеліктерінен он екі түрін жазғызды, - дейді Жекең.
Олар:
– Қазақ халқы ежелден еңбек сүйген халық. Олар қолға алған ісін тындырмай қоймайды.
– Қазақ халқы талапкер, не нәрсені тез үйренеді, тез игереді. Оқуға барған қазақ азаматтары бір-екі жылда моңғол тілі мен жазуын үйреніп, моңғол тілінде оқып білім алып шығып жатыр. Мына отырған Қаби, Жеңісхан, Әжікендер - бұған дәлел.
– Қазақ халқы мал шаруашылығын, өнімін жақсы пайдаланып келе жатқан халық. Олар тек малдың сүтімен көп түрлі тағамдар жасайтынын мен көзіммен көрдім.
– Қазақ халқы ою-өрнекке, тоқымаға, кестеге шебер екен. Қай үйге барсаңда әшекейлі түскиіз, алаша басқұр тұрады. Бұл – дамыта беретін өнер.
– Қазақ халқы – тазалықты мирас етіп келе жатқан халық. Қандай үйге барсаң да қонаққа арналған көрпе-жастық жинаулы тұрады. Үй іштері жинақы, ыдыс аяқтары таза, қол жумай тамақ ішпейді, қолдың майын, суын сүртуге арналған орамал бөлек-бөлек тұрады.
– Қазақ халқы – жасқанбайтын батыл, ержүрек халық. Мен қазақтардың өлген адамдарының бейітін көп жерден көрдім. Бұл – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан жақсы дәстүр.
– Қазақ халқы – көп жасайтын халық. Олар темекі тартуды, арақ ішуді әдет етпеген. Тамақты баптап ішеді. Қазақтар біреу-екеу болса да, бие байлап, қымыз ішеді. Қымызды жақсы баптайды.
– Жасы үлкенді құрметтеу қазақ халқының жақсы дәстүрінің бірі. Олар қарт адамдарды аттан түсіріп, атын байлайды, есік ашып үйге кіргізеді, төрге отырғызады тамақты үлкен адамдардан бастап ішеді.
– Қазақ халқында аңшылық – кәсіптің бір саласына айналған. Бүркіт салу арқылы көп табыс табады. Бұл ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан кәсіп.
– Қазақ - сауықшыл халық. Оларда айтыс, өлең, домбыра шерту, сыбызғы шерту машыққа айналған. Біз мұны жаңа дәуірге сай мейлінше дамытуымыз керек.
– Қазақтар өзінің ой-арманын бүкпей айтатын халық. Жүз бес жасқа келген Зымыра «Маған өлгенде молда қажет» деп ашық айтты. Дінге бірден шабуыл жасауға болмайды. Біз оның негізгі өсіп өнетін бір тамырын жойдық. Сондықтан ол бірте-бірте тозып жоғалады.
– Мен қазақ халқының бұл ерекшеліктерін көзіммен көрдім. Мұның бәрі жаңа өмірге сай дамыта беруге болатын жақсы дәстүр екенін естеріңнен шығармаңдар, – деп тапсырды дейді маршал Чойбалсын.
Жеңісхан артындағы басшыларға «Өз халқынды жан-тәніңмен сүйе білуді Чойбалсыннан үйреніңдер» деп осылай аманаттап кетіпті. Бұл оқиға 1939 жылы Моңғолдың батыс аймағының орталығы Хобдада болған.
Қазір Моңғолия қазақтары 1939 жылы маршал Чойбалсын нақтылап тапсырған қазақи салт-дәстүрін сол қалпында сақтап, моңғол елінде жеке ұлттық нақышта бір аймақ болып, дәуірдің не бір ыстық суығын бастарынан кешіріп өсіп-өніп, өткен жылы аймақтың 70 жылдық торқалы тойын тойлатып өткізді.
Баян-Өлгий аймағы әкімшілік ғимаратының алдына жеке басқа табыну дүркіреген «изм» кезінде Ленинің ескерткіші орнатылған. Мұндағы қазаққа аталас жағынан үш ұйықтаса да сорпасы қосылмайтын бұл қасқа бас атамыз күнге қақталып не қып тұр? Қазір Баян-Өлгийде мекендеп жатқан бір не екі орысты көрсетіңізші маған… Енді кімнен жасқанамыз. 1990 жылдан бері Ленинді қойып Сталиннің ескеркішін көзін құртпаған кезіндегі КСРО құрамындағы ел жер жоқ шығар. Ал біздің бастықтар кімнен қорқып, кімге жағымпазсиды. Баян-Өлгий аймағын қай Лениннің туыстары, қай орыстар жандары аши қалып орнатып беріп еді…
Моңғолия қазақтарына жеке ұлттық аймақ құрып берген маршал Чойбалсынға және өз іштерінен шыққан Жеңісхандай алғашқы қоғам қайреткеріне осындай құрмет көрсете алдыма? Керек десе, тариқшысымақтар Жеңісқан Дүзелбейұлынның кім екенінде білмей, Өлгий тарихына қалам тербейтінің қайтерсің. Өлгейліктер ендігіде осындай тұлғаларын бағалап, ұрпаққа насихаттауы ұшін Мәскеуден жарылқаушы жарлық күтуі керек шығар.
kaskir.wordpress.com