Accessibility links

Қытайдың ұйғырға құрған үш қақпаны – 1


Үрімжідегі қақтығыс кезінде тәртіп сақшысының қолына жармасып тұрған ұйғыр әйелі. Қытай, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы. 7 шілде 2009 жыл.
Үрімжідегі қақтығыс кезінде тәртіп сақшысының қолына жармасып тұрған ұйғыр әйелі. Қытай, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы. 7 шілде 2009 жыл.

Қазақтар «ұйғырлар біздің жерімізде Ұйғырстан құрмақшы» деп шуылдатса, ұйғырлар оларға дәлелді жауап айтып, өз ұлтына пайдалы дұрыс жол іздегеннің орнына жалған атақ, құр қиялға беріліп, «Ұйғырстан» деген атауға жабысып алды.

Бірақ дәл қазір «Ұйғырстан» атауы ұйғырлардың тәуелсіздік үшін күресіне қаншалықты кесірін тигізіп жатқанын ұйғыр жетекшілері ойларына да алар емес. Қайта олар ешқандай тарихи негізі жоқ атауға жармасу арқылы өздеріне өздері қақпан құрып отыр.

Бірінші қақпан: Хундар мен түрік қағанаты

Қытай тарихшылары ұйғырдың не қазақтың тарихын жазғанда, зерттегенде бауырлас екі ұлтты да бір кезде қытай империясын үрей мен қорқынышта ұстаған хундармен, одан кейінгі түрік қағанатымен байланыстырмауға тырысады. Ұйғырларды түріктерден дербестендіріп, ұйғыр хандығына телиді. Ал қазақтарды сол кезде қытаймен қыз алысып-қыз беріскен үйсін елі және ұлы йүзілердің мұрагері ретінде ғана қарастырады. Себебі – белгілі. Арғы тарихымыздағы қытаймен жақсы қарым-қатынаста болған тайпаларды дәріптеу арқылы бізді ертеден билеп-төстеп келе жатқанын дәлелдегісі келеді.

Қытай тарихшылары хундарды да, түріктерді де жабайы, соғысқұмар жауыз ретінде суреттейді. Қытайдың барлық жазбалары (хандар шежіресінен тартып) – бұрмалауға толы, тек қытай империясының аз ұлттарды билеу саясатына құрылған жазбалар. Қытай империясы атам заманнан бері бізді түркілік түбімізден көз жаздыру үшін жұмыс істеді. Олар түбі бір түркі халықтарының қайта бірігіп, бас көтеруінен өлердей қорқып, соның алдын алды – әрі сол мақсатына жетті.

Қытайлар, тіпті, кешегі қытаймен еш қатысы жоқ Шыңғыс ханды да өздерінің тарихи тұлғасы ретінде танып, оған ұстаз болған қытай оқымыстылары деген сасық ойды тықпалау арқылы Шыңғыс әулетінің құрамында болған Орта Азия мен Қазақстанды да өз жері ретінде қарағысы келетінін емеурінмен білдіріп отыр. Қытай тарихы пасықтық пен ашкөздікке құрылған. Өзге елдің жеріне негізсіз көз сүзу – олардың мың жылдық арманы.

serikkerey@yahoo.com
XS
SM
MD
LG