Алматы қалалық сотында 2007 жылғы қазанның 5-күні "Шаңырақ ісі" бойынша сот үкімі шықты.
Шаңырақ ісі бойынша сот, 5 қазан 2007 жыл
![Үкім шығатын күні таңертең Алматы қалалық сотының алдына айыпкерлердің туыстары мен дос-жарандары жиналды.](https://gdb.rferl.org/6feb0226-1ec5-49b5-9346-dba1ff78caa0_w1024_q10_s.jpg)
1
Үкім шығатын күні таңертең Алматы қалалық сотының алдына айыпкерлердің туыстары мен дос-жарандары жиналды.
![Соттың ашық өтетіні туралы биліктің уәдесі болғанымен, келген жұрттың жолын шеппен тұрған полиция бөгеп, сот залына кіргізбеді.](https://gdb.rferl.org/7b28548b-7216-484f-89d1-5a1ab3e4ca31_w1024_q10_s.jpg)
2
Соттың ашық өтетіні туралы биліктің уәдесі болғанымен, келген жұрттың жолын шеппен тұрған полиция бөгеп, сот залына кіргізбеді.
![Сот залының есігін мықтап күзеткен полициядан ішке қарай айыпкерлердің қорғаушылары әзер өтті.](https://gdb.rferl.org/dc3d1a56-4694-4a84-8fdf-2a9e73d1526a_w1024_q10_s.jpg)
3
Сот залының есігін мықтап күзеткен полициядан ішке қарай айыпкерлердің қорғаушылары әзер өтті.
![Сот және полиция өкілдері "залда бос орын жоқ" деген сылтаумен, айыпкерлердің туған-туыстарын ішке өткізбей қойды.](https://gdb.rferl.org/8f134743-1a55-4173-8c7b-aae05be99fd3_w1024_q10_s.jpg)
4
Сот және полиция өкілдері "залда бос орын жоқ" деген сылтаумен, айыпкерлердің туған-туыстарын ішке өткізбей қойды.
![Ең жақын адамына сот үкімі шыққалы жатқанда полицейлер ғимаратқа кіргізбеген соң, әйел шарасыздықтан жылап жіберді.](https://gdb.rferl.org/7efef974-bfcd-4d28-984b-e21f36c16e9b_w1024_q10_s.jpg)
5
Ең жақын адамына сот үкімі шыққалы жатқанда полицейлер ғимаратқа кіргізбеген соң, әйел шарасыздықтан жылап жіберді.
![Сот залындағы орындардың жартысында полиция формасындағы және жай киім киген адамдар отырды.](https://gdb.rferl.org/95b29f70-e3ae-448e-a8cd-687ab050316a_w1024_q10_s.jpg)
6
Сот залындағы орындардың жартысында полиция формасындағы және жай киім киген адамдар отырды.
![Қоғамдық қорғаушы Жасарал Қуанышалин залдағы орындарды полиция өкілдері мен жай киімді "бейтаныс адамдардан" босатып, айыпкерлердің сыртта қалған туыстарын ішке кіргізуді талап етті.](https://gdb.rferl.org/1a3dd865-dd21-4957-95ce-cff2ba773662_w1024_q10_s.jpg)
7
Қоғамдық қорғаушы Жасарал Қуанышалин залдағы орындарды полиция өкілдері мен жай киімді "бейтаныс адамдардан" босатып, айыпкерлердің сыртта қалған туыстарын ішке кіргізуді талап етті.
![Сотқа келгендердің арасында оппозиция қайраткерлері Болат Әбілов пен Төлеген Жүкеев, тәуелсіз журналистер Еермұрат Бәпи, Бақытгүл Мәкімбай болды.](https://gdb.rferl.org/5c27cc4a-99a6-4825-ba85-73e6cf7436a9_w1024_q10_s.jpg)
8
Сотқа келгендердің арасында оппозиция қайраткерлері Болат Әбілов пен Төлеген Жүкеев, тәуелсіз журналистер Еермұрат Бәпи, Бақытгүл Мәкімбай болды.
![Қылмыстық іс бойынша 25 адамға "Шаңырақтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысып, билікке бағынбады" деген айыптар тағылды.](https://gdb.rferl.org/448b20c7-1df5-42d7-ba39-bb7328c87638_w1024_q10_s.jpg)
9
Қылмыстық іс бойынша 25 адамға "Шаңырақтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысып, билікке бағынбады" деген айыптар тағылды.
![Ақын Арон Атабекке (Едігеев) "Шаңырақтағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, кісі өлтіруге қатысқан" деген айып тағылды.](https://gdb.rferl.org/532c28bd-31ab-4db1-be47-457ab923bc56_w1024_q10_s.jpg)
10
Ақын Арон Атабекке (Едігеев) "Шаңырақтағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, кісі өлтіруге қатысқан" деген айып тағылды.
![Қылмыстық істі Алматы қалалық сотының төрағасы Адайбек Бейімбетов (ортада) бастаған үш қазы қарады.](https://gdb.rferl.org/367724cf-0ee1-4d4b-9a81-43b6a624409e_w1024_q10_s.jpg)
11
Қылмыстық істі Алматы қалалық сотының төрағасы Адайбек Бейімбетов (ортада) бастаған үш қазы қарады.
![Сот Арон Атабекке - 18 жыл, "полиция өкілін өлтірген" деген айып тағылған Құрманғазы Өтегеновке (оң жақтан бірінші) 16 жыл түрме жазасын кесті.](https://gdb.rferl.org/b6e7eca3-d015-440e-b1fa-d6218034ed8d_w1024_q10_s.jpg)
12
Сот Арон Атабекке - 18 жыл, "полиция өкілін өлтірген" деген айып тағылған Құрманғазы Өтегеновке (оң жақтан бірінші) 16 жыл түрме жазасын кесті.
![Сот тағы екі адамға 14 және 15 жыл түрме жазасын, 20 адамға 1-3 жыл аралығында шартты жаза беріп, 1 адамды ақтады. Көп жыл түрмеде отырып, аурудан әбден әлсіреген Арон Атабекті билік 2021 жылы күзде өзін толық ақтау туралы талабын орындамастан қамаудан шығарды. Диссидент ақын денсаулығының нашарлауына түрмедегі қатаң жағдай мен азаптау себеп болғанын айтқан. Арон Атабек 2021 жылғы 24 қарашада 68 жасында Алматыда қайтыс болды.](https://gdb.rferl.org/89c5e33a-57f2-416a-adbc-0c43c0cbb371_w1024_q10_s.jpg)
13
Сот тағы екі адамға 14 және 15 жыл түрме жазасын, 20 адамға 1-3 жыл аралығында шартты жаза беріп, 1 адамды ақтады. Көп жыл түрмеде отырып, аурудан әбден әлсіреген Арон Атабекті билік 2021 жылы күзде өзін толық ақтау туралы талабын орындамастан қамаудан шығарды. Диссидент ақын денсаулығының нашарлауына түрмедегі қатаң жағдай мен азаптау себеп болғанын айтқан. Арон Атабек 2021 жылғы 24 қарашада 68 жасында Алматыда қайтыс болды.