Осыған дейін президент сайлауы 2006 жылдың желтоқсан айында өтуі керек деп келген Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрайымы, қазіргі Әділет министрі Зағипа Балиева маусымның 22-інде Парламент Мәжілісі депутаттарының алдында:
- Конституцияның президент сайлауына қатысты баптарында түсініксіз тұстар бар, соны анықтау үшін Конституциялық Кеңеске жүгіну керек, - деп мәлімдеді.
Сонымен қатар Әділет министрі Мәжіліс депутаттарына «Президент сайлауы қашан өтеді, ол сіздердің қолдарыңызда, уақытын қашан белгілейсіздер - сонда болады» дегенді айтты. Ал Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, бұрынғы Әділет министрі Оңалсын Жұмабеков Қазақстан Президентінің келісімімен Мәжіліс депутаттары Президенттің өкілеттігін қысқарта алады дейді. Ал Мәжілістегі бірқатар депутаттар, Президент сайлауы биыл өту керек деген мәселе қозғап отыр. Дегенмен олар осы жайтың басын ашып алу үшін Конституциялық Кеңеске депутаттық сауал жолдауды жөн деп тапты. Бұл сауалға жауапты Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов парламенттің алдында алдағы дүйсенбі - маусым айының 27-де жауап беретін болды.
Әділет министрі Зағипа Балиева қазіргі Қазақстан президентінің өкілеттігі Конституцияға сәйкес 2006 жылдың 20 қаңтарында аяқталатынын айтады. Бірақ ол «егер Конституцияға сүйенетін болсақ, кезекті президент сайлауы 2006 жылдың желтоқсан айында өтуі керек» дейді. Дегенмен де ол 1995 жылдың 30 тамызында референдум арқылы қабылданған Қазақстан Конституциясының 41-42 және 94 баптарының түсініксіз тұстары бар екенін мойындады. Ол Мәжіліс депутаттарының құзыретін ескере отырып, аталған баптарды түсіндіріп беруге Констиуциялық Кеңеске жүгінуге болатынын айтты.
Ал Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабековтің айтуынша, 1995 жылы 29-көкекте референдум арқылы президенттің өкілеттігі 2000 жылдың 1-желтоқсанына дейін созылған. Бірақ, 1998 жылдың қазан айында парламент мәжілісі қаулы қабылдап, президенттің өкілеттігін қысқартып, кезекті президент сайлауын 1999 жылдың 10 қаңтарына белгілеген. Сөйтіп, Қазақстан президенті 29 қаңтар күні ант қабылдады дейді Оңалсын Жұмабеков.
Ал Парламент мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов президент сайлауының мерзімін белгілемес бұрын, Конституциялық Кеңеске сауал жолдау керектігін айтты:
- Біздің Ата заңымызда Балиева ханым мен Жұмабеков мырза айтқандай азғантай түсініксіз жағдай болып тұр. Алдымен, Конституциялық Кеңеске сауал жолдайық, содан кейін қаулы қабылдайық, - деді Мәжіліс төрағасы.
Президент сайлауының мерзімі жөнінде Мәжіліс депутаттарының дені үстіміздегі жылдың желтоқсан айының алғашқы жексенбісінде өтуі керек деген мәселе қойып отыр. Олардың дені Қазақстандағы оппозициялық топтардың күш алуынан сескеніп отыр дейді бірқатар сарапшылар. Мәжіліс депутаты Серік Әбдрахманов сәрсенбі күнгі жалпы отырыста елде демократиялық күштер әлдеқашан президент сайлауына дайындықтарын бастап кетті дегенді әріптестеріне ескертті:
- Оппозициялық күштер қызу дайындық үстінде. Атқылауға кірісті.
Депутат Серік Әбдрахманов президент сайлауының биыл болатынына шүбә келтірмейді. Ол сайлау мерзімін 2005 жылдың 4-желтоқсанында деп белгілеу керек дейді. Аграрлық партияның мүшесі Нұрбах Рүстемов болса, президент сайлауы қашан өтсе де қазіргі президент жеңіп шығады деген сенімде. Ал «Әділетті Қазақстан» оппозициялық қозғалысының мүшесі, бұрынғы ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбайұлы елдегі билік халықаралық қауымдастықты шатастыру үшін саяси ойын ойнап отыр деп санайды:
- Еліміздің ең үлкен сайлауы - президент сайлауын биыл өткіземіз бе, әлде келесі жылы өткіземіз бе деп «мысық-тышқан» ойнағанды қою керек. Балиеваның да, Жұмабековтің де 2006 жылы деп жүргені - қоғамдық пікірді адастыру, халықаралық ұйымдар, ОБСЕ бақылаушыларын дайындап үлгермесін деген алдаусырату үшін жасалған ойындар.
Алтынбек Сәрсенбайұлы президент сайлауында оппозицияның жеңіске жететініне сенімді:
- Мәжіліске президенттің әкімшілігінен осы мәселені көтеру туралы тапсырма түсті деп түсіну керек. Біз сайлауға кез-келген уақытта да дайынбыз және жеңіске жететінімізге күмән жоқ.
Қазақстанның демократиялық күштері үстіміздегі жылдың наурыз айында президент сайлауына оппозициядан бірегей үміткер ретінде Парламент Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Жармахан Тұяқбай мырзаны таңдаған болатын. Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл қызметке 1990-жылы көкек айында Жоғары Кеңестің шешімімен, 1991 жылы желтоқсанда тұңғыш рет жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайланса, 1995 жылы көктемде елде өткізілген референдум арқылы сол мерзімін 2000 жылға дейін ұзартқан болатын.
Бірақ, 1998 жылы күзде Қазақстан парламентінің Мәжілісі президент Назарбаевтың өкілеттігін қысқартып, елде 1999 жылғы қаңтар айында мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге шешім қабылдаған соң, Нұрсұлтан Назарбаев және бір рет сайлауға түсіп, кезекті мәрте Қазақстан Президенті болып сайланды. Алайда, елдегі оппозиция мен халықаралық ұйымдар ол сайлауда заң ережелерінің өрескел бұзылғанын сынап, бұл сайлау демократия талаптарына сәйкес болмады деп баға берген еді.
Ал Нұрсұлтан Назарбаев алдағы президент сайлауына өзінің тағы да түсетіні туралы осыған дейін баспасөз арқылы өз халқына құлаққағыс етіп қойды.