Сүннилерден шыққан саясаткер, бұрынғы энергетика министрі Айхам әл-Самаридің сейсенбі күні айтуынша, екі бірдей бүлікшіл топ Ирақ ресми үкіметімен келіссөздерге отыруға дайын екен. Олар – Муджахедтин армиясы мен Ирақ Ислам Армиясы.
Бірақ, жанпидашылық бомба шабуылдары әзірге тоқтайтын емес. Оның үстіне, Ирақ үкіметтік және АҚШ күштері Сирияның шекара маңайы мен Бағдадтың айналасында өздерінің негізгі екі шабуылын іске асыру алдында.
Әл-Самаридің айтуынша, ол саяси топтармен өзара кеңесті 5 ай бұрын бастапты. Ал Лондондағы Экономика институтының Ирақ және өзге өтпелі кезең елдері жөніндегі зерттеушісі Йахия Саид, кейбір бүлікшіл топтардың келіссөзге әзір екендігі көптен бері байқалғанын айтады.
- Осы кезге дейін өзара келіссөздер өткізуге құштар болған топтар болды. Бұлар жанпидашылық бомба шабуылдарынан, қатардағы Ирақ азаматтарына қарсы шабуылды қаламайтындар еді. Меніңше, батыстағы операциялардың оларға дұрыс бағыттағы әсері болғаны рас, - дейді Саид.
Бұл екі топтағылар барлық бүлікшіл жауынгер күштердің жартысынан көбін құрайтын көрінеді. 1-топтағы Муджахеддин Армиясы осыған дейінгі ондаған шабуыл операцияларын жасағандығын мойындайды. Сәуір айында 11 адамымен бір тікұшақты соғып түсірген, ақпанда аман-есен құтқарылған индонезиялық журналистерді де солар кепілдік тұтқынға алған, т.т.
Ал 2-топтағы Ирақ Ислам Армиясы АҚШ-тық және Ирақтық күштерге, әсіресе, соңғы екі аптада талай шабуыл жасап үлгерді. Дегенмен, өзара келісімнің өзі жанпидашылық бомба шабуылдарын бірден тоқтата алмас. Себебі, ондай шабуылдар, әдетте, ал-Зарқауи басқаратын әсірешіл «әл-қайдашылардан» шығады.
Саидтің айтуынша, соңғы әскери операциялардың бүлікшілдерді келіссөздерге отырғызуға шамасы келе қоймас. Себебі, олардан нәтиже байқалмайды дейді ол.
- Әскери әрекеттер керек-ақ, бірақ, ондай шабуылдар көп болды ғой. Хабарларға қарағанда, жүздеген адам тұтқындалған. Мен олардың бәрі кіналы дей алмаймын, - дейді Саид.
Сондай-ақ, Лондондағы Джейнс Сентинел орталығынан Таяу Шығыс жөніндегі талдаушы Джереми Бинни, бүлікшілдермен келіссөздерге отыру жақын арада бола қоймас деген пікір білдіреді. Бинни сондай-ақ, әскери шабуылдарға да сынмен қарайды. Сирия шекара маңайындағы Тал Афар қаласына тікұшақтан, танктермен, қарулы көліктерден соққы берілуде дейді ол.
- Фаллуджадағы жағдайды біз көрдік. Ондағы шабуылдан бүлікшілдік жойыла қойған жоқ. Бүлікшілдер түрлі ауыр жағдайға дер кезінде икемделе алатындығын байқатты, - дейді Бинни.
Ал, бұл арада бүлікшілдер де қарап отырмай, кері қайтара соғуда. Олардың бомба шабуылынан Ирақтың солтүстігінде сейсенбі күні кемінде 33 қатардағы азамат және американдық 3 сарбаз қаза тапты. Саидтің пікірінше, суннилерді саяси мәмілеге шақыру жолында түбегейлі шаралар жасалып жатқан жоқ көрінеді.
- Сүнни аймақтарында шииттер басым күштер соғысқанда ұлтаралық теке-тірестік жағдайдың қалыптасатындығы шындық. Сондықтан, ондай операциядан нәтиже аз болады, - дейді Саид.
Мұсылман ғалымдарының Сүннилер ұйымының айтуынша, әскери күштердің операциясы нәтижесінде тұтқынға алынған 900-дей адам секталық қақтығысқа әкелуі мүмкін. Себебі, сол тұтқындағылардың көбі суннилер екен.
Сәрсенбі күні Ирақ сүннилері елдің жаңа Ата заңын жасауда біздің үлкен рөліміз болуы керек деген талап айтқан.