Оның бірі - “Нұр-Мүбарак” Египет Ислам мәдениеті универсиеті болса, екіншісі - діни басқарма жанындағы имамдардың діни біліктілігін арттыру институты болып табылады. Бұдан бөлек, Қазақстандағы 1500-ден астам мешіттің жанында Исламның негіздерін, араб тілінің әліппесін тегін үйрететін сауат ашу курстары бар.
“Нұр-Мүбарак” Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Шәмшадин Кәрім университеттің басты бағыты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үшін исламтанушы имам-хатибтарды дайындау болып табылатындығын айтады.
- Біздің студенттеріміз көбінесе Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының нұсқауымен мешіттерге діни қызметкер болып барады. Сондай-ақ, университетте аудармашы, араб тілінің мамандары, дінтанушы мамандықтары бойынша да дәріс оқылады.
Университет Ислам мәдениетін зерттеуге бағытталғандықтан мұндағы исламтану факультетінен өзге шет тілі, аймақтану, шығыстану секілді бөлімдерінде де ислам негіздері оқытылады. Осы университеттің студенті Әлия есімді бойжеткен өзі оқитын оқу орнының берер білімі жайлы былай дейді.
- Халыққа ақиқат білімді танытудағы орны ескеріліп жатыр деп ойлаймын. Имандылықты, мұсылмандықты тек қана намаз оқу, ораза тұтудың аясында ғана түсінбеу керек, исламның ақиқаты бұдан әлдеқайда зор. Оны танып-білу үшін осындай оқу орындарынан телегей-теңіз білім алу керек.
Бұл оқу орнынан бөлек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанында имамдардың діни біліктілігін арттыру институты жұмыс істейді. Аталған оқу орны жайлы діни басқарманың діни уағыз және оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі Әбдімүтәлі Дәуренбеков былай дейді:
- Бұл жерде 4 ай оқиды. Қазір 200-ден астам имамдарымыз осы институтта оқып жатыр. Алла бұйыртса, 5 жылдың ішінде елдегі барлық имамдарымыздың білімін жетілдіреміз деп отырмыз.
Әбдімүтәлі Дәуренбековтың айтуынша, республикадағы мешіттердің жанында ислам дінінің негіздерін, араб тілінің әліппесін тегін үйрететін 2 жылдық арнайы курстар ашылған.
- Мешіттің жанындағы курстарымызда намаз оқу шарттарын, ғибадаттың түрлері мен Құран оқу жолдарын үйретеді.
Берік есімді жас жігіт осы курстарға келгеннен кейін Исламның негізі мен қағидаларын түсіне бастағанын айтады.
- Ислам дінін халыққа кең таныту қажет деп санаймын. Көп жастар ислам дінін білмегендіктен, оны қиынсынады. Оларға исламның ақиқат дін екенін түсіндіру керек.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жарғысында медресе ашу мәселесі қарастырылмаған. Олардың орнын жоғарыда айтылған сауат ашу курстары алмастырып отыр. Діни басқарма қызметкері Әбдімүтәлі Дәуренбеков алдағы уақытта Исламның оқу жүйесінде колледж деңгейіне сәйкес келетін медреселерге ұқсас оқу орындарын ашу көзделіп отырғанын айтады.
- “Нұр-Мүбарак” Египет ислам мәдениеті университетінің жанынан дайындық курсын ашсақ па деп жоспарлап отырмыз. Келешекте біз Исламды жан-жақты жақсы білетін теологтарды дайындасақ деген жоспарымыз бар. Сондықтан, университетке дейін шәкірттер исламның негіздерін, араб тілінің грамматикасын үйреніп алса, кейін университетке түскенде, оның алда күрделене түсетін оқу бағдарламасын игеріп кетуге оңай болар еді деп ойлаймын.
“Нұр-Мүбарак” Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Шәмшадин Кәрім оқу орнына түсу ерекшелігі жайлы былай дейді:
- Исламтану мамандығына оқуға түсу үшін емтиханды университет пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының біріккен комиссиясы қабылдайды. Басқа мамандықтарға ҚР Білім миинстрлігінің типтік ережесіне сәйкес қабылдаймыз. Исламтану мамандығына талап білдірген жан дін жолдындағы адам болуы, ислам ережелерін қатаң сақтайтын болуы шарт.
Қазір аталған университетте 270 бала оқып жатыр екен. Оқу орнын бітірген студенттерге мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады. Бұдан бөлек Алматыда Ислам унивесритеті деп аталатын оқу орны бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында хабарлағанындай, діни басқармаға тек “Нұр-Мүбарак” Египет Ислам мәдениеті университеті мен Имамдардың білімін жетілдіру институтының шәкірттері жұмысқа алынады.