Дәрігер мамандар СПИД ауруына шалдыққан жандардың осы дертке байланысты қоғамда өз орындарын жоғалтып алғандарын айтады. Маусымның 6-сы күні аталған проблемаға қатысты ақпарат құралдарына мәлімдеме жасаған, Алматыдағы СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігері Валерия Крюкованың айтуынша, СПИД ауруына шалдыққандарды жұмысқа алмайды немесе олардың ауруын білген соң жұмыстан шығарып жібереді, тіпті кейбір ауруханаларда дәрігерлер СПИД жұқтырған науқастарды қараудан бас тартады екен. Мамандар науқас жандарға деген мұндай көзқарас СПИД-ке шалдыққандардың өздері өмсір сүріп отырған қоғамға деген қарсылығын тудыруы мүмкін деп есептейді.
39 жастағы Мәдинаның СПИД ауруына шалдыққанына 8 жыл болған. Нашақорлықпен айналысу мен бір инені бірнеше адам болып пайдаланудың соңы Мәдинаның осы дертпен ауруына әкелген екен. Мәдина Қазақстан қоғамында СПИД-пен науқастанғандарға ауру емес, қылмыскер ретінде қарау дәстүрі қалыптасқан дегенді айтады. Сондықтан бұл дертке шалдыққандар түрмеден шыққан жандар секілді қоғамнан аластатылған кісікиіктің күйін кешуде дейді науқас әйел.
- СПИД-пен ауырғандарды еш жер жұмысқа алмайды, егер бастығы қызметкерінің СПИД-пен ауыратынын білсе, оны дереу жұмыстан шығарып жібереді. Көп жерлерде СПИД-пен ауырмайтындығың жайлы анықтама алып келуді талап етеді. Сондықтан, СПИД-пен ауыратын көптеген жандар мен секілді СПИД орталықтарында ерікті болып жұмыс істейді немесе өздері секілді науқастармен қауымдасып қана еңбек ете алады, - деді Мәдина.
Мәдина қазір Алматы қалалық СПИД орталығында ерікті қызметкер болып істейді. Ол көптеген ауруханаларда түрлі дертпен науқастанып барған СПИД-пен ауыратын жандарға дәрігерлердің көп жағдайда көмек беруден бас тартатындығын айтады.
- Мен бірде сары аурумен (гепатит) ауруханаға түстім. Үйде жалғыз қалған кішкентай қызыма телефон соғуым қажет болғанда, дәрігерлер телефон тұтқасын ұстау үшін маған арнайы резина қолғап берді. Тағы бір мысал - жақында бізде бір әйел қатты науқастанды. Оны ешбір аурухана қабылдамағандықтан, әйелді ауруханаға жатқызу үшін СПИД орталықтың дәрігерлері екі күн жүгірді. Ақырында қалалық денсаулық сақтау департаменті көмектесіп, науқасты бір ауруханаға жатқызғанымызбен, әлгі әйел қайтыс болып кетті. Сол уақытта, ол әйелді ауруханаға бірден жатқызғанда, бәлкім, оның өмірін сақтап қалуға болмас па еді деген сауал осындағы бәріміздің көкейімізде қалып қойды.
СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың дәрігері Валерия Крюкова Қазақстан бойынша азаматтардың СПИД-пен ауырған адамдарға деген көзқарастары сұралған арнайы сауалнаманың қорытындысы жөнінде былай дейді:
- Сұрау салу барысында біз мынандай заңдылықты байқадық. ВИЧ-инфекцияға ұшырағандар көп тұратын елді мекендерде, оларға деген көзқарас оң болып келеді екен. Мәселен, әрбір 4-ші нашақор тұрғыны СПИД ауруына шалдыққан Теміртау қаласында сұрау салған азаматтар оларға түсіністікпен қарайтындарын айтқан, өйткені, ол адамдар біреуінің туысы, екіншісінің досы, енді біреуінің танысы болып келеді. Ал, ВИЧ инфекцияға ұшырағандар аз кездесетін аймақтардағы адамдар, СПИД-пен ауыратындарды қоғамнан аластау керек, олар арнайы орындарда ұсталуы тиіс деген пікір айтқан. Тіпті, олардың барлығының көзін жою керек деген де ұсыныстар болды.
Дәрігер Валерия Крюкова сұрау нәтижелері СПИД-пен ауыратын жандардың тағдыры қоғам үшін жабық болмауы керектігін көрсетеді дейді. Олай болмаған жағдайда, Валерия Крюкованың ойынша, бұдан қоғамның өзі зардап шекпек.
- Біз СПИД-пен ауыратын жандардың құқығын шектегеннен, оларды бөлектегеннен бұл індет азаймайды, керісінше, ол көбейе түседі. Өйткені, ВИЧ-инфекцияға ұшырағандар бізден жасырынуға, өздерінің басындағы қасіретті өзгелерден құпия ұстауға мәжбүр болады. Немесе, қоғамның өзіне деген көзқарасына ыза болып, кейбір науқастар ауруды өзгелерге әдейі жұқтыруы да мүмкін ғой.
Қазақстандағы СПИД-ке, сүзекке және туберкулезге қарсы күресетін ғаламдық қор жобасының үйлестірушісі Ирина Кисельгоф СПИД ауруына шалдыққандардың басым көпшілігі 30 жасқа дейінгі жастар болғандықтан, ең алдымен олардың орталарындағы адамдар арасында СПИД-пен ауыратын адамдар жайлы толық ақпарат берілуі тиіс деп санайды.
- Жастар қазір ВИЧ-инфекцияның қандай жолмен жұғатындығын жақсы біледі. Оны біздің сұрауларымыз көрсетіп отыр. Алайда, олар СПИД ауруына шалдыққан құрбыларының қандай жағдайда өмір сүретіндігі жайлы, олармен қалай қарым-қатынас жасау қажеттігі туралы ештеңе білмейді. Былай қарағанда қарапайым қағида болғанымен, оның артында қаншама адам тағдыры тұрғанын көпшілік біле бермейді, - дейді Ирина Кисельгоф.
Дәрігерлер бұл мәселеге мемелекеттік орындардан бастап қарапайым адамдарға дейін ат салысуы қажет деп санайды. Өйткені, ресми мәліметтер бойынша Қазақстанда 13 мыңға жуық ВИЧ-инфекциясын жұқтырған жан тұрғанымен, олардың саны жыл сайын көбейіп келеді дейді дәрігерлер. Республикалық СПИД орталығының мәліметіне қарасақ, жыл сайын шамамен 2 жарым мыңнан астам адам СПИД індетіне шалдығады екен.
Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамындағы ЮНЭЙДС ұйымының мәліметіне қарағанда, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда 1 миллион 400 мың адам ВИЧ/СПИД дертімен ауырады екен. БҰҰ мамандары әзірлеген деректер ТМД елдеріндегі СПИД ауруына шалдыққандардың 80 пайызы 30 жасқа дейінгі жастар екендігін көрсетіп отыр.