Біріккен Ұлттар Ұйымының санкциясы ұйымға мүше мемлекеттердің Орталық Азияда әрекет ететін «Ислам жихадына» қару-жарақ жеткізілімін тоқтатуды, ұйым мүшелерінің қозғалысына тиым салуды, сондай-ақ, ұйымның барлық есеп-шоттарын жауып тастауды көздейді.
Қазақстандық дінтанушы Мұртаза Бұлытайдың пікірінше, соңғы кезде баспасөзде Орта Азия аймағында діни экстремистік ұйымдардың іс-әрекеті күшейіп бара жатқандығы туралы ақпардың көбейіп кетуіне Украина, Грузия және Қырғызстандағы биліктің ауысуы және Ауғанстан мен Ирактағы тұрақсыздық себеп болып отыр.
- Оның сыртында Орталық Азия елдеріндегі мұсылмандардың діни сауаты таяз. Сондықтан, оны сыртқы күштер тиімді пайдаланып отыр, - дейді М.Бұлытай.
Ал, Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген оралман Нұрбай Елмұрат болса:
- Өзбекстандағы діни экстремизм мәселесі көптен айтылып келеді. Мұның басы оппозициялық бағыттағы саясаткерлерді биліктің қуғындауынан туындап отыр, олар қарапайым халыққа жау емес, олар да Өзбекстанның өркениетті ел болуын қалайтындар, билікке қарсы әрекеттерінен ешқандай нәтиже болмағандықтан ашынғандар деп түсіну керек, - дейді.
Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің айтуынша, көршілес Ресей, Өзбекстан, Қытай экстремистік және террористік ұйымдардың қара тізімін көбейтіп қана қоймай, Қазақстанға да ықпалын жүргізіп отыр. Халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер басшылығының мұндай қара тізімдегі ұйымдарды көбейте бергені дұрыс емес, ол өте қауіпті деп есептейді саясаттанушы.
Астана қаласы мешітінің имамы Сәдуақас қажының пікірінше, Орталық Азия мемлекеттерінде террористік ұйымдардың ислам атын жамылып жұмыс жасауына қарсы мұсылмандардың діни басқармасы өзара бірлесіп жұртшылықтың діни сауатын ашу арқылы қарсы шығуға болады. Ал, дінтанушы Мұртаза Бұлытай болса, террористік ұйымдарға қарсы іс-шараларды күш қуат құрылымдары, министрліктер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп жүргізгенде ғана іс-нәтижелі болатындығын айтады.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің санкциялар жөніндегі комитеті сарапшыларының пікірінше, «Ислам жихады» тобы «әл-Қаидамен» байланысты және ұйымның қатарындағы 350-400 мүшесінің ширек бөлігі лаңкестер дайындайтын лагерлерден дайындықтан өткен. БҰҰ қауіпсіздік кеңесі санкциялар жөніндегі комитетінің қара тізіміне бүгінде 117 топ және 325 жеке тұлға енгізілген.