Осы тақырыпқа байланысты күн сайын шығатын «Айқын» газеті тілші Алма Мұхамеджанованың «Энергетика саласын ұлттық қауіпсіздіктен тыс қарауға бола ма?» деген мақаласын жариялапты. Автордың жазуына қарағанда Ресейдегі электр желісі бұрынғы Кеңес одағы кезінен қалған, осы күнге дейін бірде бір рет жаңартылмапты. Ал дәл осындай жағдай Қазақстанда да бар, шетелдік инвесторларға берілгені бар, қалғаны бар бұлардың қай қайсысы да көне жабдықтармен жұмыс істейді ал басындағылар тек байыуды ғана көксегендер деп жазады газет тілшісі.
Қазақстанда бұған дейін жұмыс істеген Трактабель, АПК, АЕС секілді шетелдік компаниялар қазақстанның элекр жүйесінің проблемасын шеше алды ма? Жалпысы энергетика саласын шетелдіктер қолына беру ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан дұрыс шешім бе? деп сұрақ қояды газет тілшісі.Ал 2000 жылы Ресей мен қазақстан арасында Екібастұз ГРЭС-2 базасында ресй мен қазақстан аралық біріккен кәсіпорын құру туралы келісілген болатын бірақ бұл бүгінгі дейін қағаз бетінде қалып отыр деп қынжылыс танытады газет тілшісі.
Осы энергетика тақырыбын «Литер» газеті де өзінің жұмалық санында көтеріпті. Газет тілшісі Анел Даулетғалиева «Энергетикалық парадокс» деп аталатын мақаласында Мәскеуде орын алған электр апаты секілді апаттың Қазақстанда да орын алуы мүмкін дегенді айтыпты. Өйткені бұндай жағдайдың Қазақстанда ертерек орын алғанын алға тартқан газет тілшісі биылғы жылы көктемде Қазақстан президенті парламент үйінде халыққа арнаған жылдық жолдауын жолдап жатқан кезде электрдің кенет өшкенін еске салады.
Парламент үйінде қырық минут бойы электр тогі болмады, кейбіреулер бұны терррорлық іс әрекет десе кейбірі төңкеріс болған болуы мүмкін деген жорамалдар жасады ал халық болса шындықты Қазақстанның бас прокуроры Рашид Түсіпбековтың ауызынан естігісі келеді деп жазады газет тілшісі. Газет тілшісі сондай ақ мамандығы электрик, экономист Петр Свойктің Қазақстанның электр жүйесінде Мәскеудегідей апаттың орын алуын теріске шығармайтындығын да келтіріпті. Ол Мәскеудегі секілді үлкен апаттың Қазақстанда болмай отыруын жалғыз нәрсемен түсіндіріпті. Яғни бүгінгі күні Қазақстанның электр желісіне ірі өндірістердің аздығынан үлкен салмақ түспей тұр деп жазады «Литер» газеті.
«Жас Қазақ» газеті жұма күнгі санында «Біздің сұқбат» айдарымен Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұқамет Ертісбаевпен өткізген сұхбатын жариялапты. Ертісбаев газетке берген өз сұқбатында алдағы сайлауда президент Назарбаевтың жеңіске жететіндігін қадап айта отырып, бірақ оппозицияға ашықтан ашық қысым көрсету және қазақ оппозициясының лидерлерін қорқыту фактілері Қазақстанның тұтас саяси картинасын жағымсыз түске бояйды, сондай-ақ, егер өкімет Өскемендегі оқиғаға қатысты бірден реакция білдіргенде Шымкентте ештеңе болмас еді деген пікір айтқан.
Сөйте тұра Шымкенттегі «төтенше оқиғаны» биліктің ұйымдастырмағанына сенімдімін, ал кім ұйымдастырды оған дәл жауап бере алмаймын депті Е.Ертісбаев «Жас Қазаққа» берген сұқбатында. Ал президент сайлауы қашан өтеді деген газет сұрағына Е.Ертісбаев 1999 жылдың қаңтардың 10-нан бастап есептесек биылғы жылдың желтоқсанында президенттік басқару мерзіміне 6 жыл 11 ай болады, ал 2006 жылдың желтоқсанында десек 7 жыл 11 ай болады, сондықтан соңғы шешімді парламент пен Конституциялық кеңес шешуі тиісті, егер президент сайлауы биыл өтсе онда Н.Назарбаев 78 процент дауыс алады ал келер жылы өтсе онда 68 процент дауыс алады, яғни қалайда жеңіске жетеді деген пікір білдірген.
Ал «Алма-Ата Инфо» газеті жұма күнгі санында президент кеңесшісі Е.Ертісбаевпен газет оқырмандарының тікелей сөйлескен әңгімесінен үзінді келтіріпті. Президент кеңесшісі газет оқырмандары сұрағына елдегі барлық жағдайды тек президенттен көруге болмайды деген пікір айтқан. Ал президент неге Ғалымжан Жақияновқа бостандық бермей отыр деген оқырман сұрағына Е.Ертісбаев оны білмеймін, нақты жауапты Павлодар облыстық сот материалынан көруге болатын шығар деген жауап берген.