«Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылысын салушылардың бірі болған, 30 жылға жуық ғарыш айлағында жұмыс істеген Қален Тоқмұхамедов «Байқоңыр» космодромы жайындағы естелік кітабында, 1957 жылы Байқоңырдан алғаш рет Жердің жасанды серігі ұшырылғанын жазады. Оның жазуынша, ұшырылған құрлықаралық баллистикалық зымыран АҚШ-тың атом бомбасы арқылы көрсеткен сесіне тойтарыс беріп, соғыс қаупін тоқтатуға ықпал еткен. Ал Кеңес Одағы кезінде ғарыш айлағын салуға неліктен қазақ жері таңдап алынды деген сұраққа, тарихшы, саясаттанушы Әзімбай Ғали былай деп жауап береді:
- Орбитаға шығуға ең қолайлы жер бұрынғы КСРО территоиясында Байқоңыр болып табылған екен.
Ал саясаткер Серікбай Әлібаевтың пікірінше, бір ұшқан зымыранның өзі адамзатқа үлкен зиянын тигізеді.
- Халықтың аз жері Қазақстан жағы болды. Зияны да көп болды. Қазақ - момын халық. Осының бәрін есептеп, Қазақстанға бекіткен, - дейді Серікбай Әлібаев.
Байқоңыр өлкесінен сайланған депутат, сенатор Бақперген Доспамбетов Кеңес Одағы құлағаннан кейін «Байқоңыр» ғарыш айлағының иесіз қалғанын айтады. Өйткені ол қазақ жерінде болса да, оны әрі қарай игеріп кететін қазақстандық мамандар болмады дейді сенатор. Оның пікірінше, «Байқоңыр» ғарыш айлағын Ресейге 50 жылға жалға бергені дұрыс шешілген мәселе:
- Қазақстан қазір ғарыштық «Бәйтерек» бағдарламасын жасады. Бұл Қазақстанға көмегін тигізеді. Оның үстіне ғарыш мамандарын дайындауда өзіміздің жоғары оқу орындарында Ресейде оқытып дайындау керек деп ойлаймын.
Алайда саясатанушы Әзімбай Ғали экологиялық жағынан алдын алмаса жарты ғасырдай уақыт ғарыш айлағын жалға беру елге зиянын тигізеді деп ойлайды.
Ал саясаткер Серікбай Әлібаев болса, «Байқоңыр» ғарыш айлағының адамзатқа тигізген зияны жөнінде бүгінгі күнге дейін жарияланбағанын айтады. Оның пікірінше, ең алдымен экологиялық зардаптарын зерттеу керек.
Сонымен бірге, қазақстандық баспасөзде Байқоңырды жалға беруден түскен ақшаға қатысты шатақ мәселе жайлы ара-тұра жазылып келеді. Өткен жылы екінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары Серікболсын Әбділдин мен Төлен Тоқтасынов және сенат мүшесі Зәуреш Батталова «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға алғаны үшін Ресей мемлекеттік бюджетінен бөлінген қаржының Қазақстанның мемлекеттік қазынасына түспегендігі жөнінде, сөйтіп 46 миллион долларға жуық қаражаттың қолды болғаны айтып, мәселе көтерген еді.
Бұл мәселеге байланысты Азаттық радиосына берген сұхбатында сенат депутаты Зәуреш Батталова әлі күнге дейін ресми орындардан жауап ала алмай отырғанын, енді таяу күндері осы даулы қаражат жөнінде Қазақстан президентіне үндеу жолдайтындығын айтты.