Болашақта бұл съезге мемлекет басшыларын шақыру да жоспарланып отыр екен. Сәрсенбі күні өткен кездесуде мамандар, дін және халықаралық қауіпсіздік мәселесін көтерейік деген ұсыныс жасады. Алайда, бұл оймен келіспегендер де болды.
2006 жылдың қырқүйек айында Астанада өтетін Әлем діндері басшыларының ІІ құрылтайына қатысатын мемлекеттердің өкілдері алда болатын съезге дайындалып жатыр. Осы мақсатта Иран, Мысыр, Сауд Арабиясы, Индонезия, Пәкістан, Ұлыбритания, Франция мен Қытай, Моңғолия, Ресей және Израильдың дін қауымдастығының өкілдері маусымның 1-күні Алматыға жиналып, келер жылы болатын құрылтайдың тақырыбын талқылады.
- Әр түрлі тақырыпта, әркім өз ойын ортаға салады. Бұл жердегі түрлі елдерден келген ұлт, дін өкілдерінің бір үстел басында бас қосуының басты мақсаты – дін мен бүкіл әлемдегі адамзат баласының арасында діни тұрғыдан болсын, адамгершілік тұрғыдан болсын түсіністіктің болуы, - деді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бас мүфтиінің орынбасары Қалижан Байырбекұлы.
Бұл басқосуға келген түрлі діни қауымдастықтардың мүшелері 2006 жылы күзде өтетін құрылтайда қауіпсіздік мәселесін көтермей, тек дін және қоғам атты тақырып төңірегінде әңгіме қозғайық деп ұсыныс жасады. Себебі, терроризм мен дін арасында ешқандай байланыс жоқ деді мамандар.
Алайда, бұған керісінше, Әлем діндері басшыларының ІІ құрылтайында міндетті түрде дін және қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінде болуы керек деген ой айтылды. Өз кезегінде хатшылық мәжілісін жүргізген, алдағы құрылтайды ұйымдастыру комитетінің жетекшісі, Қазақстан парламенті Сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев құрылтайда екі тақырып та сөз болатынын айтты.
Кездесу барысында түрлі діни қауымдастықтар өкілдері жыл сайын өтетін кездесулер мен 3 жылда бір болатын құрылтай формалды түрде өтпей, нәтижелі жұмыс атқаратын жиын болса деген ойларын ортаға салды. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бас мүфтиінің орынбасары Қалижан Байырбекұлын, бұл құрылтай өзінің нәтижелі жұмыс атқаратынын 3 жыл бұрын көрсетіп үлгерді деген баға берді:
- Қазіргі уақытта біздің еліміз басқа елдерге өзінің қандай екенін көрсетіп үлгерді. Бейбітсүйгіш, экономикасы жоғарлаған, тұрақты ел екенін дәлелдеп келе жатыр. Осы съездің біздің елімізде өтуінің өзі бұл кездесудің формалды емес екендігін көрсетіп отыр.
Қалижан Байырбекұлының айтуынша, хатшылық өкілдерінің ендігі кездесуі алдағы жылы көкек айында Астанада өтеді екен.