Accessibility links

«СолДат» газетінің бұрынғы жетекшісі Ермұрат Бәпидің сұхбаты


Қазақстандағы тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары Үкімет тарапынан қысым көріп отыр.

24 маусым күні «СолДат» газетінің бұрыңғы жетекшісі Ермұрат Бәпи «Азаттық» радиосына берген сұхбатында:

- Қазақстан үкіметі тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына көрсетіп отырған қысымын одан әрі жалғастыруда дегенді айтты. Журналист әрі саясаткер Ермұрат Бәпи мүның себебін «СолДат» газеті төңірегінде орын алған соңғы оқиғалармен байланыстырды. Дәлірек айтқанда , 24 маусым күні Ермұрат Бәпиді Алматы қаласының Медеу аудандық соты шақырған. Онда Медеу аудандық сотының судьясы Нұрсерік Шәріпов «СолДат» газетінің бұрыңғы жетекшісі Ермұрат Бәпиге, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының тұрғыны Жиенбай Прәлиевтың хатын көрсеткен. Бұл хатта Жиенбай Прәлиев деген азамат «СолДат» газетінің жабылуын талап еткен. «СолДат» газетінің бұрыңғы бас редакторы Ермұрат Бәпи бұл бір-бірімен байланысты іс деген ойда.

«СолДат» газетінің бұрыңғы бас редакторы Ермұрат Бәпи:

- Мен арызды жаңа ғана көрдім толық оқып болған жоқпын. Бірақ жалпы жағдай осындай. Осыған байланысты сот шақырған екен. Енді бұл жерде қаланың ішіндегі аудандық сотты, онда отырған судьяны жазғыратын жағдай жоқ, себебі біз сондай қоғамда өмір сүріп отырғандықтан, біреуді-біреуге айдап салып отырған заманда, мен судьяны жазғырамаймын. Мүмкін жоғары жақтан (шағым жазған Жиенбай)Прәлиевке біреу арыз жазғызды.Ол ( Жиенбай) Прәлиев арызды түсірді. Жоғарыдан мына судьяғада тапсырма келіп түсті, тез істі қара да, жап деген. Мұның барлығы бір-бірімен байланысқан жағдай. Судья мен әңгімелесіп, ол жағдайды білді. Білетін не бар? Газет қазір Қазақстан Парламентінің мәжіліс депутатты Ерасыл Әбілқасымовтың шағымы негізінде , қозғалған іс бойынша тоқтап тұр, Енді біз депутатқа 4 миллион тенгеге берешек болып қалдық.

«СолДат» газеті төңірегіндегі соңғы шағым жөнінде , бұл істі қараған Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Нұрсерік Шәріповтан білуге тырыстық. Алайда Қазақстан заңдарының орындалуын және әділетті талап ететін сот қызметкері журналисттерді өз бөлмесінен итермелеп шығарып салды.

Қойған сұрақтарға жауп беру барысында сот қызметкері журналистің дыбыс жазатын құралын қолынан жулып алуға тырысты, бұл әрекеті іске аспағандықтан, күштеп шығырып жіберді. Ал сотқа шағымданып, «СолДат» газетінің жабылуын талап еткен Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкен қаласының тұрғыны Жиенбай Прәлиев, Қазақстан соты ең әділ, әрі парасатты дегенге сенеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкен қаласының тұрғыны Жиенбай Прәлиев: - Талап-арыздардың барлығы сотқа барып тіреледі ғой.Осы жерде отырған соттың қызметкерлері өздерінің міндеттерін толығымен орындаса, арыз жазған адамның құқығы тапталмайды, деп ойлаймын

Осы орайда Жиенбай Прәлиев мырза «СолДат» газетінен ақша талап етпейтінін жеткізді, тек оппозициялық басыдым жабылса болғаны.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкен қаласының тұрғыны Жиенбай Прәлиев: - Ермұрат Бәпидің өз материалдарында күллі қазақ халқын сорлыға теңеуге қандай құқығы бар, соны сот дәлелдеп берсе болды, газеттен ақша талап етпеймін. Тек материалды дұрыс жазбаған газет, таратулуын тоқтатсын.

«СолДат» газетінің бұрыңғы жетекшісі Ермұрат Бәпи мүның себебі басқаша түсіндіреді.

«СолДат» газетінің бұрыңғы жетекшісі Ермұрат Бәпи: - Мұның барлығы кеше Америкада басталған «Қазақгейт» сотына байланысты. Кеше сот басталды, бүгіннен бастап ақпарат келіп түсіп жатыр.Сол соттың шешімі, сол соттың болып жатқан жүрісі, онда (Қазақстан Президенті Нұрсұлтан)Назарбаев қалай жауап беріп жатыр,оған қандай айып тағуы мүмкін деген әңгімелер Қазақстан халқына жетпеуі керек. Сол ақпаратты тарататын жалғыз газет бар, ол - «СолДат». Сол газетті шығармау керек. Сол үшін жанталасып газетті жабу керек.

Жалпы «СолДат» газетінің жабылуын талап еткен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Прәлиев мырза Қазақстан Президентінің саясатын қолдайтынын білдірді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкен қаласының тұрғыны Жиенбай Прәлиев: - Саясатты жүргізіп отырған осы патшамыздың арқасында дейміз.Осы кісінің жүргізіп отырған саясаты нәтижесінде елімізде тыныштық болып отыр. Барлығы мемлекет басшысына байланысты ғой. Президент сайлағаннан кейін, бізге осы кісі патша-хан сияқты, ол кісіге сену, бізде бұрыннан қалыптасқан жәйт. Жасымыз 40 –тан асып қалды, бір адамға сеніп, бір адамның айтқанын істемесек, мемлекет болмайды ғой.

Бұл орайда «СоДат» газетінің бұрыңғы жетекшісі Ермұрат Бәпи, оппозициялық басылымдың құрылтайшылары газеттен бас тартып үлгерді дегенді айтты.

- Ең бастысы, соғысқа қатысқан газеттің екі құрылтайшылары газеттен бас тартты. Ауған соғысының ардагерлері газеттен бас тартты деген сөз, оларға қойылған талап, көрсетілген қысым Ауған соғысынан да күрделі болды. Соғысқа шыдаған адамдар, қазіргі жағдайда шыдай алмай отыр. Енді мұндай саяси жағдай жөнінде не айтуға болады?

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Жиенбай Прәлиевтың шағымы қалай аяқталатыны бір – екі күнде анықталуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG