Accessibility links

Тағы да қудалау


Газеттің бас редакторы өз мақаласында Алмалы аудандық сотының президенттің күйеу баласы Рахат Әлиевтің “Бастау” атты жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, атап айтсақ “Ассанди таимс” басылымының бас редакторы Ирина Петрушоваға, газетте шыққан Мұхаметжан Әділовтың мақаласына байланысты берген талап-арызын қарайтындығы тілге тиек етілген.

“Ассанди таймс” газетінің кезекті санында Ирина Петрушованың мақаласы жарық көрді. Газеттің бас редакторы өз мақаласында Алмалы аудандық сотының президенттің күйеу баласы Рахат Әлиевтің “Бастау” атты жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, атап айтсақ “Ассанди таимс” басылымының бас редакторы Ирина Петрушоваға, газетте шыққан Мұхаметжан Әділовтың мақаласына байланысты берген талап-арызын қарайтындығы тілге тиек етілген.

Ирина Петрушова өз мақаласында президенттің күйеу баласы Рахат Әлиевтің газетке соншама өшігуінің себебіне жауап беруге тырысады.

Оқиғаның қысқаша тарихына тоқталатын болсақ, газеттің өткен сандарының бірінде, бүгінгі таңдағы Австриядағы Қазақстанның елшісі Рахат Әлиевтің беймәлім себептермен елде жүргендігі және Венаға қайтуға асығыстық танытпай отырғандығы туралы айтылған. Осыған орай басылым бетінде Әлиев мырзаның таяу арада елге оралуы және Ішкі істір министрлігіндегі лауазымы жоғары бір қызметке келуі мүмкін деген сыңайдағы болжам жасалған.

“Шындығын айтсақ, аса көп данамен шықпайтын басылым бетінде жарық көрген кішкентай ғана мақала осыншама үлкен дау-дамай туғызады деп ойламап едік” дейді мақала авторы. Расында да медицина ғылымының докторы, бұрынғы бизнесмен және Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен президент күзетінің экс орынбасары Рахат Әлиевтің наразылығын туғызған не?

Президенттің күйеу баласы Рахат Әлиевтің айтуынша газет осындай мақала жазу арқылы елдің арасында оның жағымсыз бейнесін қалыптастыруды көздеген. Алайда Ирина Петрушова аталмыш мақала жарияланбай тұрып-ақ елдің арасында да, шет елде де Рахат Әлиевтің ауыз толтырып мақтанарлықтай беделі болған жоқ деп есептейді. Ал газетте жарық көрген мақалада елдің ішінде айтылып жүрген әңгіме ғана баяндалды. Сонымен қатар мақалада егер де біз келтірген деректердің төрттен бірі расқа айналса, Қазақстан мемлекетінде жаппай репрессияның белең алатындығы туралы да болжам жасалынған.

Дегенмен Ирина Петрушова Қазақстанның Австрия мемлекетіндегі елшісінің наразылығын туғызған бұл мәліметтер емес деп пайымдайды. Мақала авторының айтуынша президенттің күйеу баласының елге оралатындығы және мемлекеттік үлкен қызметке келетіндігі жөнінде таратылған ақпарат Рахат Әлиевтің ашу-ызасын келтірген көрінеді.

Қалай болған күнде де бүгінгі таңда “Бастау” атты жауапкершілігі шектеулі серіктестік мақаладағы сөздердің шындыққа үйлеспейтіндігі жөнінде түсініктеме беру керектігі туралы Алиев мырзаның заңгері қол қойған талап хат алды. “Біз неге байланысты түсініктеме беруіміз керектігін түсінбей отырмыз. Мүмкін Рахат Әлиевтің президенттің күйеу баласы, медицина ғылымының докторы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры, Венадағы елші екендігі туралы ақпаттардың бәрі де жалған деген сыңайдағы түсініктеме беруіміз керек пе? “ дейді мақала авторы.

Мақала авторының айтуынша Қазақстан Республикасының заңы бойынша бұқаралық ақпарат құралын пікір білдіргені немесе болжам жасағаны үшін емес, жалған ақпарат таратқаны үшін ғана жауапқа тартуға болады. Мақала авторы өз ойын былайша түйіндейді: “Президенттің күйеу баласының тәуелсіз бұқаралық ақапарат құралдарына қарсы жүргізетін тәсілі бізге әлімсақтан белгілі. Алдымен ол түсініктеме беруді талап етеді. Ол талап қанағаттандырылса, моральдық және материалдық шығын ретінде мол ақша сұрайды.

Міне осыдан кейін бейбіт келісімге барған басылым не өз саясатын өзгертеді не жабылып тынады. Дегенмен президенттің күйеу баласы Венаға кеткеннен кейін елде үлкен өзгерістердің болғандығын байқамайтын сыңайлы. Ол кезде Рахат Әлиевтің сотқа қатысуының өзі оның жеңісімен аяқталатын. Біз бәріміз Рахат Әлиевтің қысым көрсетуінің арқасында “Время По” газетінің қалай жабылғандығын жақсы білеміз. Алайда ондаған сот процесін басымыздан кешіргеннен кейін біз Рахат Әлиевтің қаһарынан аса сескенбейміз” делінген “Ассанди таимс” газетінің кезекті санында жарық көрген Ирина Петрушованың мақаласында. Мақала соңында Ирина Петрушова елдегі азаматтардан, халықаралық ұйымдар мен қозғалыстардан тәуелсіз басылымының тағдырына араша түсуін сұрап өтініш білдірген.
XS
SM
MD
LG