Осыдан 16 жыл бұрын Алматыдағы "Шаңырақ" шағын ауданында тұрғындар мен полиция арасында жер үшін қақтығыс болып, бір полиция қызметкері қаза тапты.
Алматы тұрғыны Валентина Шитикова балалар үйінен екі бала асырап алып, патронат анаға айналды.
Шымкентте өтіп жатқан кілемдер көрмесіне бұл бұйымның жүзге жуық түрі қойылған. Шымкент, 7 шілде 2016 жыл.
Шымкенттегі "Нұрсəт" шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғасына алматылық суретшілер "Ұлы жібек жолы" тақырыбында граффити салып жатыр.
Ташкент маңындағы Янгибазар кентінде тұратын қазақтар ауызашарға туған-туыс, көрші-қолаң, дос-жарандарын шақырып, ұмытылып бара жатқан халық әндерін де айтады. Азаттықтың фототілшісі Умида Ахмедова сол ауылдағы ауызашарға барып қайтты. Қазақстан мен Қырғызстанда бүгін, шілденің 5-інде Ораза айт басталды. Өзбекстан мен Тәжікстанда айт 6 шілдеде атап өтіледі.
Астанада ашылған Art Fest 2016 өнер фестивалі адам энергиясы тақырыбына арналды. Кей суретшілер әлдебір туындылары цензураға ілігіп, басқасына ауыстыруға мәжбүр болғандарын да айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан 30 отбасы жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды. Билік оларға жаңа қонысқа орналасқан соң қаржылай жәрдем беруге уәде еткен. Қоныс аударғандар жаңа мекенде өздеріне жұмыс пен үй табылады деп үміттенеді.
Қазақстандағы халықтың өсімі мен университтер саны, Мессидің салған голдары және тағы басқа деректер.
Стамбулдың Ататүрік әуежайы 28 маусымда болған жарылыстардан соң жұмысын қайта жалғастырды. Қала әкімдігі жарылыстан 41 адамның мерт болғанын мәлімдеді.
Тағы