Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Азаттық тілшісі қазір археологтар зерттеп жатқан орындардың бірі, 7 ғасырдың соңы мен 13 ғасырдың басы аралығында гүлдену кезеңін бастан кешірген ортағасырлық Қастек-1 қалашығында болып көрді.
Пәкістанның Белуджистан провинциясындағы аз ұлттар тобына жататын хазарларға діни экстремистер жиі шабуыл жасайды.
6 шілде Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкентте полиция жүзден астам адамды ұстады. Бұл күні Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов халықты билікке қарсы наразылық шарасына шақырған. Қазақстан билігі Әблязов акциясын заңсыз деп санайды.
Тбилисиде үш аптадан Грузия ішкі істер министрі Георгий Гахарияның отставкаға кетуін талап еткен митинг өтіп жатыр.
Әскери қоймадағы жарылыстан Арыстағы үйлердің 85 пайызы бүлінген. Азаттық тілшісі саперлардың қаланы снаряд қалдықтарынан тазартып жатқанын көрді.
24 маусымда Арыс қаласында әскери қойма жарылған. Қару-жарақ сақталған аймақтың жарылысқа дейінгі және жарылыстан кейінгі спутниктен түсірілген суреттері. Сурет Reuters ақпарат агенттігінен алынды.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Тағы