Совет дәуірінде Қазақстанда салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей пайдаланып отыр. Оннан астам америкалық астронавт ғарышқа осы жерден ұшырылған. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Ресейде патша билігі тұсында танымал фотограф болған Сергей Прокудин-Горский осыдан ғасырдан астам уақыт бұрын Өзбекстанға барған сапарында Орталық Азияның тыныс-тіршілігін бейнелейтін таңғажайып түрлі-түсті суреттер түсірген.
1 мамырда Өзбекстанда Сардоба су қоймасы жарылып, кейін оның суы Қазақстанның ауылдарына жетті. Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас және Достық ауылдарын топан су басты.
2 мамырға қараған түні Өзбекстанның Сырдария облысында жарылған Сардоба су қоймасының суы Түркістан облысы аумағына өтті.
Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланғаннан кейін Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағына ондаған блокпост қойылған. Онда дәрігер, полицей мен әскерилер өткен-кеткенді тексеріп тұр. Жолда жеңіл көлік азайған, көбіне жүк көліктері кездеседі.
Түркістан облысында диқандар биыл өсірген мыңдаған тонна капустаны коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезінде Ресейге шығара алмай, егістіктегі өнім шіріп, шығынға батқанына шағынады.
Коронавирусқа байланысты жарияланған карантин кезінде жұрт үйдан шықпай қалған соң, қаңыраған қала көшесінде жабайы аң-құс жиі көзге шалынатын болды. Азаттық дүниежүзінің әр бөлігіндегі қала көшелерінде түсірілген суреттерді ұсынады.
Әлем елдерінде коронавирус індетіне байланысты көптеген мектептер жабылды. Оқушылар мен мұғалімдер түрлі технология көмегімен оқуды жалғастыруға тырысып жатыр. Пандемия оқу процесіне қандай өзгеріс әкелді?
14 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін 2020 жылдың 1 мамырына дейін ұзарту туралы жарлық шығарды. Алматы мен Нұр-Сұлтан 19 наурыздан карантинге жабылған. Азаттық тілшісі үш аптадан бері карантинде өмір сүріп жатқан Алматы көшесін аралап көрді.
Аптаның ірі оқиғаларын көрсететін суреттерді жинақтап, назарларыңызға ұсынамыз.
Тағы