Түркістан облысында қуаңшылық салдарынан қымбаттаған жем-шөпті алуға шамасы жетпеген шаруа қолдағы малын азайтуға мәжбүр екенін айтады. Жұрт мал бағасы түсіп кеткеніне шағынады. Азаттық тілшісі өңірдегі ең ірі мал базары орналасқан Сайрам ауданына барып қайтты.
Біреуін өшіріп тастаса, басқаларын бояған, бүлдірген, үстінен басқа сурет жапсырған. Кабулды тәліптер басып алғалы көше жарнамаларындағы әйел бейнесі осылай жойылып жатыр.
"Талибаннан" қорқып қашқан ондаған мың ауған азаматы елден кетуді жөн санады. Көбі Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар уәлаятынан Пәкістанға өтіп кетуге тырысады.
Ауғанстанның көп бөлігі мен ел астанасына билік орнатқан "Талибан" содырлары әйелдердің білім алу мәселесі жөнінде жиын өткізіп, америкалық техника мен қару-жарақты пайдаланып Кабул көшесіне патрульге шығып жүр. Азаттық Кабулдың бүгінгі тыны-тіршілігі жайлы фотогалерея ұсынады.
2004 жылы 1 қыркүйекте Беслан қаласындағы (Солтүстік Осетия) мектепке террористер шабуыл жасап, екі күн бойы 1200-ден аса адамды кепілге алды.
26 тамыз күні кешке Жамбыл обылысы Байзақ ауданында орналасқан №28349 әскери бөлім аумағында шыққан өрт жарылысқа ұласты. Биліктің мәліметінше, 12 адам қаза тауып, 93 адам зардап шеккен. Жарылыс болған аймақтан тұрғындар көшірілген.
Киев пен өзге де қалаларда Украина тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әскери парад өтті. Киевтегі парадқа Украинаның бұрынғы президенттерімен бірге мемлекеттің қазіргі басшысы да қатысты.
Кабулды тәліптер басып алған соң мыңдаған адам әуежайға қашты. Қайткен күнде де елден кетуді көздеген жұрт әуежайға лап қойды. АҚШ үкіметі ұшақтардың ұшуына мүмкіндік беріп, ұшу-қону жолағын тазарту үшін әуежайды жабуға мәжбүр болғанын хабарлады.
Тағы