2004 жылы қайтыс болған Палестина басшысы Ясир Арафатты «улап өлтірген» деген ақпарат тарады. Арафаттың жесірі «швейцариялық сот сараптамасы Палестина көсемінің удан өлгенін көрсетті» деп мәлімдеді.
«Болотный ісі» бойынша Мәскеу абақтысында жатқан белсендінің аштық жариялағанына 50 күн толды. Онымен бірге тағы 20-дан астам адам "жұртты жаппай тәртіпсіздікке шақырды" деп айыпталған.
Ақын әрі диссидент Арон Атабек Қаражалдағы колонияға қайтарылды. Саяси тұтқын ретінде танылған ол жазасын өтеуде 2006 жылдан бері алғаш рет сәл жеңілдік алды.
18 жылға сотталып, оның біразын «жабық» түрмеде өткізіп жатқан ақын әрі диссидент Арон Атабек кенет этаппен жөнелтілді. Енді оның қатаң тәртіптегі түрмедегі жағдайға байланысты шағымын қарайтын сот өтпек.
Оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязовпен іскерлік байланысы үшін Чехия банкир Татьяна Параскевичті Украина немесе Ресейге экстрадициялауы мүмкін.
«Президент Сапармұрат Ниязовқа қастандық жасамақ болды» деген күдікпен ұсталған, арасында Түркіменстанның сыртқы істер министрі де бар оншақты адам хабар-ошарсыз кетті.
Тамыздың 5-сі күні жоғарғы сот жеті жарым жылға сотталған саясаткер Владимир Козловтың үкімін қайта қараудан бас тартты. Бұл сот – Қазақстандағы соңғы инстанция.
Ресей соты азаматтық белсенді Алексей Навальныйды «қаржы ұрлаған» деген айыппен бес жылға түрмеге кесті. Навальный мен жақтастары үкімнің саяси астары бар дейді.
Италия үкіметі Мұхтар Әблязовтың жұбайы мен қызын депортациялау туралы шешімнің күшін жоятынын жариялады. Мұны Қазақстан жағы өзінше жорыды.
Аймақтардан қолдаушыларын шақырып, Алматыда жиын өткізуді жоспарлаған оппозициялық белсенділер «қатысушылардың келуіне қаржы полициясы кедергі жасап отыр» дейді.
Мұхтар Әблязовтың әйелі мен қызын Италиядан депортациялау Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның арасындағы қақтығыстың қаншалықты ушыққанын көрсетеді.
Тағы