Ресейдің Украинаға қатысты саясатынан соң Мәскеу мен Минск арасы салқын тартты. Енді Александр Лукашенко Еуропа Одағымен қарым-қатынасын жақсартуды көздей ме?
Мадрид түрмесінен босаған қазақстандық саяси эмигрант Мұратбек Кетебаев Азаттық тілшісіне қамаудағы 20 күнін қалай өткізгенін әңгімелеп әрі экстрадициялау ісіне қатысты болжамын айтты.
Түрменің тігін колледжі берген жағымды мінездемеге қарамастан, оппозициялық саясаткер Владимир Козлов аттестациядан өтпей қалды. Енді ол түрмедегі жеңілдетілген режимге ауыса алмайды.
Қазақстанда жаңа қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару және әкімшілік құқық бұзушылық кодекстері күшіне енді. Бірақ белсенділер сот тәуелсіз болмай, құқықтық әділет орнамайды дейді.
Әзербайжандық журналист Хадижа Исмаилованың Баку абақтысында отырғанына бір айдан асты. Халықаралық ұйымдардың қолдауына қарамастан, оның басына түскен сынақ әлі бітпейтін тәрізді.
Мадридте тұтқындалған қазақстандық саяси эмигрант Мұратбек Кетебаевты тергеу абақтысынан түрмеге ауыстырады. Енді ол экстрадициялауға қатысты мәселені қаралатын сот процесі кезінде түрмеде болады.
Ресей тергеу комитеті Алексей Навальный маңайындағы адамдардың біріне қарсы іс қозғады.
Астанада қылмыстық істер апелляциялық соты судьясы Алма Есімова Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серіктері өліміне қатысты сотталған Ержан Өтембаевты босатуға қарсы шағымды қанағаттандырмады.
Владимир Козловтың жақтастары мен құқық қорғаушылар «қамаудағы оппозиционер нәтижесі алдын ала болжанған сотта түрме бастығына қарсы шығып, бірнеше өнеге көрсетті» дейді.
Жаздан бері түрмеде жатқан әзербайжандық құқық қорғаушы Лейла Юнус желтоқсанның 2-сі күні қызынан хат беріп жіберді. Онда Юнус жендеттерден көрген қорлығын баяндайды. Құқық қорғаушылар оны саяси тұтқын санайды.
2010 жылы флеш-моб өткізген Бақытжан Төреғожинаға айыппұл салынған еді. Оның БҰҰ-ға берген шағымына жауап келді. БҰҰ комитеті билікті белсендінің моральдық шығынын өтеуге міндеттеген.
Алаяқтық әрекеттерді әшкерелеуге тырысқан заңгер Сергей Магнитский бес жыл бұрын Ресейдің тергеу абақтысында қайтыс болған еді.
Тағы