Қазақстан, Өзбекстан сынды авторитарлық елдер кибер-құралдарды режимге жақпайтын адамдардың электронды құрылғыларына бұзып кіру үшін пайдаланады деп жазады шетелдік баспасөз.
Түрмеге қамалған азаматтық белсенді Вадим Курамшин камерасындағы кеміргіштерді құрту жұмыстары дұрыс жасалмағанын, денсаулығына зақым келгенін айтып шағымданды. Түрме әкімшілігі оның камерасында егеуқұйрықтар жоқ дейді. Курамшинге құқық қорғаушының барғаны туралы есеп омбудсменге жіберілді.
Кремльдің үгіті өктем, қарапайым ресейліктер үні көп естілмейді. Азаттықтың Орыс қызметі Ресей қоғамының түрлі өкілдерін, әрқандай мамандық иелерін сөзге тартып, оларды не толғандыратынын ашық әңгіме форматында жариялап келеді.
Азаттықтың Қырғыз қызметі қазақстандық танымал құқық қорғаушы Евгений Жовтистен қырғызстандық құқық қорғаушы Әзімжан Асқаровтың ісі бойынша сұхбат алды. Әзімжан Асқаров 2010 жылы болған Ош оқиғасынан кейін сотталған еді.
Алматыда Астана күні қарсаңында және мереке, яғни шілденің 6-сы күні жеті-сегіз белсендіні полиция ұстаған. Оларға полиция «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» айыбы тағылатынын ескертіп, босатқан. Алайда араларында мейрамнан кейін де тергеуге шақырылғандары бар.
Ресейде үкіметті интернетте сынағаны (пост жазғаны) үшін жұртты соққыға жығып, қорқыту оқиғалары көбейді. Кремль бұл елдегі интернет бостандығын шектеп отыр.
«Алауыздық қоздырғаны үшін» сотталған белсенділер «терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға» қатысы бар тұлғалар тізіміне енгізілгендіктен банктер оларға қызмет көрсетуден бас тартып жатыр. Кей белсенділер ондай тізім жайлы ешкім ескертпегенін айтады.
Тәжікстанда Иcхок Табаров заңгер көмегіне аса мұқтаж жандардың мүддесін қорғайтын және билік қырына алған оппозиция қайраткерлерін қорғаған адвокат ретінде танылған еді.
Атыраудағы сәуір айындағы жер реформасына ең ірі наразылық митингісінен соң сегіз адам «мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірді» деген күдікке ілінді. Мамырдағы әкімшілік жазалаудың соңы қылмыстық айыптауға ауысты. Облыстық ҰҚК департаменті тағылған айыптың нақты себебін айтпайды.
Астанада тұратын азаматтық белсенді Махамбет Әбжанның үстінен үш қылмыстық іс қозғалды. Оны «билік өкілдерін қорлады, оларға бағынбады және күш көрсетті» деп айыптайды.
«Жер комиссиясында» шетелдіктерге жалға жер берумен қоса қамаудағы белсенділердің жайы да сөз болды. Бірақ «қудалауды тоқтату» жайлы үндеу қабылдау ұсынысын комиссия елеусіз қалдырды.
Жер реформасына қатысты рұқсат етілмеген жиын өткізуге шақырды деген айыппен 15 тәулікке қамалғандар саны 30-ға таяды. Алматыда бір топ белсенді ұсталғандарды қорғау үшін «Араша» ұйымын құрды.
Тағы