Ресейде қорланған қырғыз қыз-келіншектерінің бірі милицияға шағым түсірді. Жалал-Абад облыстық ішкі істер басқармасы Ресейде қырғыз жігіттерінің зорлық-зомбылығына душар болған қыздың арызы негізінде «қыз-келіншектерді қорлады» деп айыпталған азаматтарды анықтады.
Халықаралық Amnesty International (AI, «Амнести Интернэйшнл») ұйымының мәліметінше, 2011 жылы Қазақстанда азаматтарды полицейлердің азаптауы туралы көптеген дерек тіркелген. Ұйымның баяндамасына қарағанда, құқық қорғау органдары Жаңаөзендегі мұнайшылар ереуілі барысында наразылық танытушыларды қуып тарату үшін шектен тыс күш қолданған.
Бүгін Қазақстанның адам құқығы саласында халықаралық ұйымдар алдында алған міндеттемелерін орындау мәселесіне арналған конференция болды. Астанада өткен жиында елдің 2009-2012 жылдарға арналған адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалуы талқыланды.
Ресейде кейбір қырғыз қыз-келіншектердің жүріс-тұрысына мін тағып, сол үшін қорлаған қырғыз жігіттерінің «Патриот» деген тобы пайда болды. Олардың «басқа ұлт жігіттерімен бірге жүрді» деп айыпталған қыздарды шешіндіріп, аяусыз ұрып-соққаны көрсетілген видеолар интернетте жарияланды.
Reuters («Рейтерз») агенттігі наурыздың 30-ы күні Сириядағы қақтығыс туралы мақала жариялады. Онда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сириядағы бүлікте «адамзатқа қарсы қылмыс жасап, шектен шығып бара жатқан адамдарды жауапқа тарту» мәселесін қозғағаны сөз болады.
Татарстанның Қазан қаласында бір адам полицияның азаптауынан кейін көз жұмды. Сол оқиғадан соң ғана полицейлерден зәбір көргенін айтушылар көбейе бастады.
Жаңаөзенде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген айыппен Ақтаудағы №172/10 мекемесінде тергеуде жатқан Мұрат Қосбармақовтың адвокаты Сәулебай Сансызбаев абақтыға қамалғандар арасында аштық жариялағандар бар екенін айтты.
BBC-дің парсы қызметінің журналисін Иран қауіпсіздік қызметі интернет арқылы тергеуге алған.
Жаңаөзен оқиғасы кезінде ұрып-соғудан қаза болған Базарбай Кенжебаевтың қызы Әсем Кенжебаева прокуратураның жиі тергеуге шақыруының кесірінен жұмыссыз қалғанын айтып шағымданады.
Жаңаөзендік полицияның зомбылығын көрдім деп мәлімдеген Әсем Кенжебаеваның өзі тергеуге алынды. Ал оның әпкесі полиция қамауынан шыға сала қайтыс болған әкесінің қан сіңген киімдерін прокуратура қызметкерлері алып кетті дейді.
Тағы