Алматылық Тимур Ким қамауда өткізген 25 күнін тозаққа теңейді. Абақтыда ұрып-соғып, тоқпен азаптап, "резеңке таяқпен зорлаймыз, әйеліңді террорист жасаймыз" деп қорқытқанын айтады. Кейін билік азаптау бабымен іс қозғаған. Бірақ арада екі ай өтсе де, Ким тергеу ісі қалай жүріп жатқанынан хабарсыз.