Тараз түрмесіндегі тұтқындардың бірі колония басшылығына наразылық ретінде аштық жариялап, енді бірі аузын тігіп тастады. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті "ұдайы тәртіп бұзатындар" "қоғам назарын басқаға бұру үшін" өз денесін әдейі жарақаттайды дейді. Құқық қорғаушылар тұтқындарға адвокат жалдамақ.