«Ұрлық» бабымен сотталған азаматтың туыстары оны полицейлердің «азаптағанын» айтады. Ал облыстық ішкі істер департаментінің уәжіне қарағанда, «азаптау туралы шағым дәлелденбеген».
«Хизб ут-Тахрир» діни ұйымының түрмеде отырған мүшесі Рафис Галиулиннің туыстары діни сенімінен «бас тартқызу» үшін оны ұрып-соғып жатыр деп шағымданады. Олар тұтқын бостандыққа шығу орнына жаңа мерзім қосып алуы мүмкін деп қауіптенеді.
Еуропарламенттің Греция компартиясынан сайланған депутаты қазақстандық тұтқын Вадим Курамшиннің жағдайына алаңдаушылық білдірді. Оны қатал режимде ұстау мерзімін бір жылға ұзартқан.
Павлодар абақтысында белгісіз жағдайда қаза тапқан адамның жақындары «тергеу орындары белсене әрекет етпей отыр» деседі. Олар марқұмның ажалын суицид деумен де келіспейді.
Қазақстанда азаптау құрбандарына келтірілген зиянның өтемақысын сот арқылы өндіру мен оны іс жүзінде төлету қиын, бірақ оған қол жеткізуге болады. Қостанайлық құқық қорғаушылар оны дәлелдеді.
Мұнда қарулы адамдар көлікті аяқастынан тоқтатып, тінту жүргізеді. Маска кигендер адамды көлікке салып алып кетеді де, артынан мәйітін жібереді. Өзбекстанда полиция терроры күшейіп тұр.
Полиция ұстағаннан кейін қайтыс болған алматылық Ринат Малыбековтің қазасына қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Туыстары «ол соққыдан алған жарақатынан қайтыс болды» дейді.
Amnesty International ұйымы «Қазақстанда азаптау құрбандарына арналған әділ сот төрелігі жоқ» деп мәлімдейді. Мәлімдемені қазақстандық құқық қорғаушылар мен кей адвокаттар да құптайды.
Азаптаудан зардап шегіп, жәбірлеушілерін соттатуға қол жеткізген Николай Синявин енді ақшалай өтемақы өндіруге тырысып жүр. Өтемақы төлеуі тиіс ведомстволар жауапкершілікті бір-біріне сілтейді.
Ақпанның 18-і күні Қостанай облысында 33 жастағы Расим Байрамовты жерлейді. Ол өзін азаптаған полицейлерді жазалата алмады. Адвокат дерегінше, полицейлер ішкі істер органдарында әлі жұмыс істеп жүр.
Қазақстанның азаптауға қарсы коалициясы қаңтарда тұтқындардан азаптау жайлы шағымдар былтырғы қаңтардан гөрі әлдеқайда көп түскенін хабарлады. Билік «азаптау жайлы хабарлар тексеріледі» дейді.
Ресейлік азаматты Қырғызстанға экстрадициялағаны үшін өтемақы төлеуден бас тартқан Қазақстан билігі үстінен БҰҰ-ның арнайы өкіліне шағым жолданды. Ол азаматты Қырғызстанда «азаптаған».
Тағы