Мұнда қарулы адамдар көлікті аяқастынан тоқтатып, тінту жүргізеді. Маска кигендер адамды көлікке салып алып кетеді де, артынан мәйітін жібереді. Өзбекстанда полиция терроры күшейіп тұр.
Полиция ұстағаннан кейін қайтыс болған алматылық Ринат Малыбековтің қазасына қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Туыстары «ол соққыдан алған жарақатынан қайтыс болды» дейді.
Amnesty International ұйымы «Қазақстанда азаптау құрбандарына арналған әділ сот төрелігі жоқ» деп мәлімдейді. Мәлімдемені қазақстандық құқық қорғаушылар мен кей адвокаттар да құптайды.
Азаптаудан зардап шегіп, жәбірлеушілерін соттатуға қол жеткізген Николай Синявин енді ақшалай өтемақы өндіруге тырысып жүр. Өтемақы төлеуі тиіс ведомстволар жауапкершілікті бір-біріне сілтейді.
Ақпанның 18-і күні Қостанай облысында 33 жастағы Расим Байрамовты жерлейді. Ол өзін азаптаған полицейлерді жазалата алмады. Адвокат дерегінше, полицейлер ішкі істер органдарында әлі жұмыс істеп жүр.
Қазақстанның азаптауға қарсы коалициясы қаңтарда тұтқындардан азаптау жайлы шағымдар былтырғы қаңтардан гөрі әлдеқайда көп түскенін хабарлады. Билік «азаптау жайлы хабарлар тексеріледі» дейді.
Ресейлік азаматты Қырғызстанға экстрадициялағаны үшін өтемақы төлеуден бас тартқан Қазақстан билігі үстінен БҰҰ-ның арнайы өкіліне шағым жолданды. Ол азаматты Қырғызстанда «азаптаған».
Ресей оппозициялық белсенділері «Путинизмді қалыптастырған, оған билікті асыра пайдалануына жол ашқан» бірнеше заңның тізімін жасады. Олардың ойынша, Ресей қоғамының бұл заңдардан құтылғаны жөн.
Түркіменстанда Сапармұрат Ниязовтың тұсындағы репрессия кезінде атбегі Гелді Кяризов жылқы өсіру министрі болған еді. Ол елдегі «ең сұмдық» түрмеге түсіп, бес ай отырып шықты.
Жаңаөзен ісі бойынша өткен сот процесінде бірнеше адам «тергеу изоляторындағы азаптау» туралы айтқанымен прокурорлар «дәлел таба алмай» қылмыстық іс қозғалмаған.
«Суицидтен» қайтыс болған тұтқын Арсен Ақылбаевтың анасы баласын «өзіне қол салуға жеткізген» түрме қызметкерлерін айыптайды. Тұтқын азаптауға шағымданған соңғы хатын 6 ай бұрын жазған.
Жаңаөзендегі қанды оқиғаға төрт жыл толу қарсаңында «өкілетін асыра қолданғаны үшін» сотталған полицейлер де, «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар» да түгел босап шықты.
Тағы