Ақмола облысы Целиноград аудандық соты Қосшы ауылындағы «заңсыз сатылған» жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтаруға кірісті.
75 жастағы Оқиза Махамбетова Атырауда өткен үкіметтің жер реформасына қарсы жаппай наразылықта көзге түсті. Зейнеткер, бұрынғы геолог биліктің «өзін ұстауға батпағанын» айтады.
«Жер мәселесіне байланысты заңсыз митинг өткізуге шақырды» деген айыппен 15 тәулікке сотталған Арайлым Шакарованы туыстары төрт күннен кейін абақтыдан тапқан.
Атыраудағы сәуір айындағы жер реформасына ең ірі наразылық митингісінен соң сегіз адам «мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірді» деген күдікке ілінді. Мамырдағы әкімшілік жазалаудың соңы қылмыстық айыптауға ауысты. Облыстық ҰҚК департаменті тағылған айыптың нақты себебін айтпайды.
Маусымның 6-сы күні Астанада ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мен бас прокуратура өкілдері қамаудағы шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешов "жер реформасына қарсы митингілерді қаржыландырды, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді" деп мәлімдеді.
21 мамыр қарсаңында 15 тәулікке қамалған белсенділер кешелі-бүгін бостандыққа шығып жатыр. Осы ретте AzattyqLIVE хабарының қонағы, өзі де 15 тәулікке қамалып шыққан құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина болды.
Павлодардағы саяжайлар орналасқан шағын аудан тұрғындарының жерлерін алғаны үшін төленетін өтемақыны күткеніне бір жылдан асқан. Биыл тәуелсіздік мерекесіне қарай олардың бау-бақшаларының орнына үлкен автомагистраль бойындағы жол айырығы салынып бітуі тиіс.
Астанада тұратын азаматтық белсенді Махамбет Әбжанның үстінен үш қылмыстық іс қозғалды. Оны «билік өкілдерін қорлады, оларға бағынбады және күш көрсетті» деп айыптайды.
Алматы облысында мал өсіретін шаруа жайылым тапшылығына шағынады. Жайылым туралы заң жобасында олқылықтар ескерілген дейді депутат.
«Жер комиссиясында» шетелдіктерге жалға жер берумен қоса қамаудағы белсенділердің жайы да сөз болды. Бірақ «қудалауды тоқтату» жайлы үндеу қабылдау ұсынысын комиссия елеусіз қалдырды.
AzattyqLIVE хабарында «Жер кодексі» төңірегіндегі даудың қалай жалғасып жатқаны талқыланды. Хабарға бұрынғы ауыл шаруашылық министрі, саясаткер Балташ Тұрсымбаев қатысты.
Жер реформасына қатысты рұқсат етілмеген жиын өткізуге шақырды деген айыппен 15 тәулікке қамалғандар саны 30-ға таяды. Алматыда бір топ белсенді ұсталғандарды қорғау үшін «Араша» ұйымын құрды.
Тағы