Астананың іргесіндегі Қоянды ауылының тұрғындары биліктің «жерлерін заңсыз алып жатқанын» айтып шағымданады. Ал әкімшілік соттың шешіміне сүйенеді.
Шымкентте прокуратура «заңсыз сатылған» деп сипаттаған жер телімдеріне үй салған тұрғындар баспанасыз қалудан қорқады. Қазіргі әкімдік үйлерді бұзу жоспары өзгермегенін айтады.
Астанадағы үкімет үйі босағасында бес әйелдің күндіз-түні отырғанына алты тәулік болды. Полиция ұстап әкетіп, кейін босатқан соң олар наразылық акциясын өткізген орындарына қайта келді.
Астананың шетіндегі Өндіріс ауылы тұрғындары 10 жыл бойы жер телімдерін заңдастыруға тырысып жүр. Қала билігі оларға «басып алған жерлеріңді заңдастыра алмайсыңдар» деп ескерткен.
Режиссер Қалдыбай Әбенов «Шаңырақ ісі» бойынша сотта айыпталушылардың қоғамдық қорғаушысы болды. «Шаңырақ оқиғасы» күні қарсаңындағы сұхбат осы істің cебеп-салдары туралы өрбіді.
Қызылорда облысы әкімдігінің алдында жүздеген байқоңырлық жиналып, қала маңынан жер беруді талап етті. Ал әкімдік жер телімдері тек жергілікті тұрғындарға кезекпен берілетінін айтады.
«Ақниет» өндірістік кооперативінің мүшелері «Солтүстік саяжай» шағынауданындағы өздеріне тиесілі жер телімдерін рәсімдеуге әкімдік кедергі келтіріп отыр деп санайды. Әкімдік облыстық прокуратураға сілтейді.
Қазақстан мен Қырғызстан арасында жер және су дауына қатысты бес күнге созылған келіссөздің алғашқы мәліметтері белгілі бола бастады.
Қазақстан соты шекарадан өткен бес Қырғызстан азаматының қамау мерзімін екі айға ұзартты. Бішкекте қазақ-қырғыз жер дауына байланысты өткен келіссөз қортындысы алдағы аптада жарияланбақ.
Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет комиссияларының кездесуінде екі елдің шекарасындағы жер дауына қатысты мәселе де қаралып жатыр.
Алматы облысындағы Қайнарлы ауылының тұрғындары жерлерінің басқаға жазылып кеткенін айтып сотқа жүгінді. Соттың соңғы шешімі әлі шыққан жоқ. Талай ауылдың тұрғыны осындай жер дауына тап болған.
Айқай-шуға ұласқан бұл айтыстың үзіндісін Азаттық бұған дейін берген. "Мейірбек жеңді" деген қазыларға қарсы жұрт дүрлігіп, ақыры «екі ақын тең» деп жарияланған еді. Бұл - сол айтыстың толық нұсқасы.
Тағы