Президенттік сайлау алдында құрылған «Конституцияны қорғайық» комитеті Қазақстан халқын «елдегі ірі стратегиялық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару шарасына» қосылуға шақырды.
АҚШ пен Қытайдың ресми өкілдері екі күннен бері Вашингтонда экономикалық мәселелерге, адам құқығы жағдайы мен сыртқы саясатқа қатысты келіссөздер өткізіп жатыр.
Көптеген елдердегі авторитарлық режимдер саяси қарсыластарынан құтылу үшін үйқамақты жиі қолданады. Қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының тағдыры – осының бір дәлелі.
Ал «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясын Қытаймен арадағы экономикалық байланыстың қауіпсіз екенін дәлелдеуге тырысады.
Washington Post басылымы мамырдың 1-і күнгі нөмірінде он мемлекетті жалғайтын байырғы Жібек жолы сауда торабының қайта жанданып келе жатқанын жазыпты. Алда тұрған кейбір кедергілерді жойса, халықаралық магистраль Қазақстан мол пайда әкелмек.
Осыдан 60 жыл бұрын, 1951 жылғы сәуірдің 29-ында Шығыс Түркістандағы азаттық көтерілісінің басшысы Оспан батыр Қытайдағы Үрімжі түрмесінде атылды.
Қытай халқының саны 1,37 миллиардқа жетті. Бұл туралы бейсенбі күні Бейжіңде Қытайдың ұлттық статистикалық бюросы хабарлады. Бала тууды шектеу саясатына қарамастан, елдің халқы қарқынды түрде көбейіп келе жатыр.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі «Қытайдағы виза кезегі мәселесі бізге байланысты емес» дейді. Ал Үрімжі қазақтары «Қазақстанның төлқұжат-визалық қызметі енді баспасөзге шағымданғандарға қызмет көрсетуден бас тартты» деп жазады.
Бір жарым миллион қазақ тұратын қытай елінен Қазақстанға келіп-кетеміз деген азаматтар виза алу үшін талай тауқыметті бастан кешеді.
Қытай үкіметі «аса ауыр қылмыс» жасады деп айыптап, кері қайтаруды сұрап отырған азаматқа босқын мәртебесін бермеу туралы сот шешімі күшіне енді.
Қытайдан жеткен электронды хат, телефон қоңырауларына қарағанда, Қазақстанның Бейжіңдегі консулдығы мен Үрімжідегі төлқұжат-визалық қызметінің айналасында пайдалы бизнес қалыптасқан сияқты.
Қытайдың мемлекеттік басылымы танымал суретші Ай Вэйвэйдің босатылуын талап еткен Батыс үкіметтерін сынады.
Тағы