Батыстық БАҚ-тың жазуынша, Қазақстан кеніш игерудегі қиындығы көп Қашаған жобасын жүзеге асыру үшін Қытаймен келіссөз жүргізуге мәжбүр.
Amnesty International жаңа есебінде Қазақстанды босқындарды экстрадициялағаны үшін сынады. Кейбір жағдайлар туралы Forum 18 бен БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті де хабарлайды.
Ақпарат құралдары Қытайдың Шыңжаң өлкесінде маусымның 26-сы күні мерт болған адам саны 35-ке жетті деп хабарлады. Шетелдегі ұйғыр белсенділері оқиғаның себебін тексеруді талап етеді.
Еуроодақ Қытайдың күннен қуат өндіретін панельдеріне баж салығын енгізді. Ал Пекин бұған қарымта ретінде Франция, Испания және Италиядан әкелінетін шараптарға қатысты демпинг тексеруін бастады.
Қытайдың қорғаныс саласына бөлетін қаржысы жыл сайын ұлғайып келеді. Бұл өзгерістерді жіті бақылап отырған АҚШ осыған алаңдай бастады.
Азаттық тілшісі Моңғолия мен Қытай қазақтарының кітап өндірісін зерттеп көрді. Моңғолияда автор кітабын өзі шығарады. Ал Қытайда үкімет басып беруге бейіл, есесіне бақылау күшті.
Чэнь Гуанчэн есімді қытайлық көзі көрмейтін азамат "бір бала" саясатын ашық түрде сынап құқық қорғаушы ретінде танылған еді. Азаттық тілшісінің АҚШ-қа қоныс аударған белсендімен сұхбатын ұсынамыз.
1990-жылдары шетелден тауар тасыған саудагерлер еңбегі ескерткіш орнатуға лайық. Бұл - Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы өкілдерінің пікірі. Ал саудагерлер «бизнеске нақты қолдау болса екен» дейді.
Кейбір сарапшылар энергия көздеріне әлемдік сұраныстың азаюы Қазақстанның экономикасына кері әсерін тигізеді дейді. Ал Астананың мәлімдемелері көңіл тоғайтады.
The Economist журналы әлемдегі интернетті шектеу тәсілдері туралы жазды. Онда Қазақстанның да интернетті бақылауда Қытай тәжірибесіне сүйеніп отырғаны баяндалады.
Оған себеп - жұрттың Apple құрылғылары арқылы интернетке кіріп, үкіметті келеке етуі.
Jamestown.org басылымы соңғы санында Қазақстан мен Ресейдің Кеден одағы аясында уағдаласа алмай жатқанын, ал мұның Қытайға тиімді болып тұрғанын жазады.
Тағы