Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары барысында Қазақстан экономикасына салынатын қомақты инвестиция туралы келісімге қол қойылды. Оның көбі энергетикалық ресурстарды өндіру мен тасымалдау саласына жұмсалмақ.
Қытай университеттеріне түсуге ынталы жастар бұл елдегі техникалық білім беру жүйесін мақтайды. Бұл жүйенің сыншысы кейбір жастардың диплом емес, куәлік алып қайтатынын айтады.
Келесі аптаның басында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары жоспарланған. Бұл сапар АҚШ пен Ресей қатынастары соңғы 20 жылда байқалмаған дәрежеде ушыққан кезде жасалмақ.
Халықаралық қорғанысты зерттеу орталығы (Таллин) маманы, EU Observer сарапшысы Томас Ермолавичюс «ЕО Ресейге қару сатуын тоқтатсын» дейді. Ал Еуропа қыруар табысынан бас тарта қояр ма екен?
Қазақстан америкалық ұйым жасаған экономикалық еркіндік рейтингінде 67-орын алды. Мұның бір жыл бұрынғы көрсеткіштен айырмашылығы шамалы. Бірақ Ресей мен Қытайдан озған.
Вашингтонның Гуантанамода қамауда отырған соңғы қытайлық үш ұйғырды Словакияға жіберу туралы шешімі Пекиннің наразылығына ұшырады.
Осыдан жүздеген жыл бұрынғыдай Қытай әлемді әлі таңдандырып келеді. Әлем экономикасындағы соңғы жайттар қытай капиталы экспансиясының күшейгенін көрсетеді.
Иран Женевада әлемдік державалармен ядролық мәселеде мәмілеге келді. Енді «Тегеран сыртқы саясатын өзгертіп, АҚШ-қа қарсы дәстүрлі саясатынан бас тарта ма?» деген сауалдар туады.
АҚШ қаржы министрлігі Германияның экономикалық саясатын сынады. Бұл сынның қос одақ – Еуропа және Кеден одақтарымен қандай байланысы барын Азаттықтың экономикалық шолушысы талдап көрді.
Осы аптада Ресейде премьерасы өтетін деректі фильм "Сочи олимпиадасына қатысты" парақорлық, ақша жымқыру мен зорлық-зомбылық оқиғаларын әшкерелемек. Мәскеу билігі оған қарсы.
Үндістан осы аптада Марсқа ғарыш кемесін ұшырды. Бірақ бұл Марсты зерттеп жатқан осы елдің ғарыш зерттеу орталығы үшін ғана маңызды оқиға емес.
Тағы