Манас - 1990 жылдары СССР-де әскери-саяси училищені бітірген әскери офицер. Ол Украинаның шығысындағы соғысқа үгіт-насихатқа сеніп барып, жарты жылдан соң елге қайтуды жөн көрген.
Кремльдің саясатын қостап, Батысты, оппозицияны жамандап, түрлі сайттарға пікір жазумен айналысатын «тролльдар мекемесінің» бұрынғы қызметкерлері істеген «жұмыстарының» қыр-сырын баяндады.
Жұртқа көрінбей кеткен Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербургте Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті. Бұл кездесуде Путиннің денсаулығы да сөз болды.
Ресей қауіпсіздік қызметінің өкілдері аннексияланған Қырым түбегінде тұратын украиналық екі журналистің үйін тінткен. Бақылаушылар бұл әрекетті даулы аймақтағы саясаттың бір бөлігі ретінде қарастырады.
Ресей президенті Владимир Путиннің назардан «жоғалып» кетуі жайлы алыпқашпа әңгіменің таралуы жеке адамға негізделген авторитарлық саяси жүйеде биліктің ауысуы – ең күрделі мәселе екенін тағы бір көрсетті.
Еуропа Одағы еуро бағамының күрт құлдырауы Еуропа экономикасы үшін тиімді әрі тұтынушыларының жағдайын жеңілдетеді деп санайды. Ресей азаматтарына валюта бағамының құбылуына ауа-райы сияқты қарауға кеңес береді.
Ресей президентінің еуразиялық ақша бірлігін құру жайлы тапсырмасынан соң іле-шала ЕАЭО басшыларының Астанадағы үш жақты кездесуі кейінге қалдырылды.
Борис Немцов қазасына күдікті деген Заур Дадаевты "Ресейдің нағыз патриоты" деп атаған Рамзан Қадыров өзінің тирдағы "виртуалды адамдарды" атып жүрген видеосын жариялады.
Борис Немцовтың қазасына күдікті ретінде солтүстіккавказдық бес ер адам тұтқындалды. Кремль бұрын да ауыр қылмыстарға шешендер мен басқа да кавказдықтарды айыпты етіп шығарған еді.
Америкалық саясаткерлер мен публицистердің Ресейге қарсы санкцияны күшейту жайлы ой-пікірлері.
Мәскеуде қастандықтан қаза тапқан Борис Немцовтың жақтастары «Путин 15 жылда өшпенділік атты кірпіштен сарай соқты» дейді. Мұның кесірінен жұрттың дені зорлық-зомбылықты мақұлдайтын дәрежеге жетті. Азаттық тілшісі Путин мұны қалай жүзеге асырғанын талдайды.
«Мен - орыс басқыншымын» аталатын жаңа видеоролик Ресейдің көрші елдерге жасаған басқыншылығын ақтайды және әлемге [Ресейдің ісіне] «араласпа» деген ескерту жасайды.
Тағы