Ресейдің Астрахань қаласында бұрынғы полиция офицері Елшад Бабаев көлікті мас күйінде айдағандардан қоғамды арылтпақ болды. Бірақ қазір ол Ресейден көңілі қалғанын айтады.
Өткен аптада Дағыстандағы терроршыларға қарсы операция кезінде «Кавказ әмірлігі» содырлар ұйымы жетекшісі қаза тапты. Ұйым мүшелері ИМ-ге қосылып жатқаны жайлы ақпарат бар.
Тольятти қаласында тұрған құқық қорғаушы Константин Голава шілде айының соңында Ресейден Швецияға қоныс аударып, сол жақтан саяси баспана сұрады.
Қытай ақшасының құнсыздануы басқа валюталарға тікелей әсер етеді. Азаттық тілшісі «Юань арзандай берсе, оның салдары қандай болуы мүмкін?» деген сауалға жауап іздеп көрген еді.
Ресей президенті Путиннің ішкі саясат бойынша негізгі өкілдерінің бірі тілшілерге саяжайын көрсетті. Ал Кремльді сынаушылар оның жылжымайтын мүлікті жемқорлықпен тапқанын айтады.
Ресейде Владимир Путин президенттік қызметін жаңа бастаған кезде «Курск» кемесінің суға батуы қоғамның ашу-ызасын туғызған еді. Бірақ қазір ресейліктердің апат туралы пікірі өзгерген.
Ресей қауіпсіздік қызметтері ел азаматтарын «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қосылуға шақырып келген «негізгі үгітшіні» таптық дейді.
Ресейдегі үлкен мемлекеттік телеарнаның бұрынғы екі қызметкері Украина шиеленісі кезінде Кремльдің насихат жасауға қандай әдіс-тәсілдерді қолданғанын айтып берді.
Батыс және ресейлік басылымдардың көбі Ресейде санкциялық азық-түлікті жоюды айыптаған мақалалар жазып жатыр. Ресей билігі оларды қайырымдылық мекемелерге беру мүмкін еместігін айтады.
Свердлов облысында мектеп кітапханаларынан британ ғалымдарының екінші дүниежүзілік соғыс жайлы кітаптарын алып жатыр. Авторлардың бірі оларды бұрынырақ неге алмаған деп таңданады.
Футболдан келесі әлем чемпионатына үш жылдан аз уақыт қалды, қонақтарды қабылдайтын Ресейден «ішкі чемпионатындағы нәсілшілдікті тыйсын» деп талап ететін халықаралық ұйымдар көбейді.
«Путиннің жақын серігі болдым» деген Сергей Пугачев «әу баста оның президент болуға келіспегенін» айтады. Бірақ бұрынғы саясаткер «Путин кейін сұмдық клептократиялық билік қалыптастырды» дейді.
Тағы