Түркия Ресей ұшағын атып құлатқалы Мәскеу мен Анкара араздығының басылатын түрі байқалмады. Мұның екі елмен де жақсы қатынас орнатқан мемлекеттерге қиын тиетіні белгілі.
«Хабар» агенттігінің Лондондағы бұрынғы тілшісі Бэла Құдайбергенова Азаттыққа өзінің мемлекеттік телеарнадан кету туралы даулы мәлімдемесінен соң өмірінің қалай өзгергені туралы сұхбат берді.
Түркіменстанда Сапармұрат Ниязовтың тұсындағы репрессия кезінде атбегі Гелді Кяризов жылқы өсіру министрі болған еді. Ол елдегі «ең сұмдық» түрмеге түсіп, бес ай отырып шықты.
Ресейде құрылыс жұмыстары күрт көбейген кезеңде келіп, кәсіптерін жолға қойған ондаған мың түрік азаматы енді Анкараның Ресей ұшағын атқаны үшін жапа шегуі мүмкін.
Ауыл шаруашылығы мамандары министр Асылжан Мамытбековтің түркиялық өнімдерге тыйым салған Ресейге азық-түлік апарып сату жоспарына күмәнмен қарайды.
«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы «Ресей тыңшысын» өлтіргені туралы видео жариялады. Ресей билігі видео жайлы түсінік берген жоқ. Азаттық тілшісі әлгі адамның кім екенін анықтауға тырысты.
Дағыстан діни басқармасы Махачкаладағы салафиттер көп келетін екі мешіттің біріне имам тағайындап, оны бес күн өткен соң орнынан алып тастады. Ол өңірде салафизмді ұстанатын тұрғындар жиі қуғындалады.
Белгісіз жағдайда көз жұмған бес айлық сәбидің әкесі мен әжесі және еңбек мигранттары Санкт-Петербургте жалдап тұрып жатқан пәтерден биліктің бұйрығымен шығарылған.
Ресей президенті Путин мен Түркия басшысы Ердоған авторитарлық ұлтшылдардың айнадағы бейнесі тәрізді. Түркия Ресей ұшағын атып түсірген соң екеуінің татуласуы қиын болатын сияқты.
AzattyqLIVE хабарында шығыстанушы Бауыржан Рахымбай Ресей мен Түркия арасындағы жанжалдың Қазақстанға әсерін де сөз етті.
Түркия қорғаныс күштері Сириямен шекарада Ресейдің әскери ұшағын атып құлатты. Бұл оқиғаның халықаралық саясатқа қандай әсері болуы мүмкін?
Сарапшылар «Түркия мен Ресейдің арасы бұдан әрі ушықса, Орталық Азия елдері қолайсыз күйге тап болады» дейді. Олар аймақтағы әлдебір елдің ара ағайындыққа ұмтылуы мүмкін екенін де айтады.
Тағы