Бұрынғы ФСБ офицері Александр Литвиненко «Лубянканың қылмыстық тобы» кітабында Ресей президенті Владимир Путиннің Өзбекстанның қылмыс әлемімен байланысы бар деп мәлімдеген.
Кейбір сарапшылар Ресей Сириядағы гуманитарлық апатты тереңдетіп, босқындарды геосаяси мақсатына пайдаланғысы келеді дейді. Бірақ, оған дәлел аз деп санайтындар да бар.
Ресей үкіметі басшысының көмекшісі және осы елдің бұрынғы бас дәрігері Геннадий Онищенко «Зика вирусын АҚШ әдейі таратып жатыр» деп санайды.
Дағыстанның оңтүстігіндегі Дербент қаласынан 20 километр жерде орналасқан Жемикент маңында ақпанның 15-і жасалған жарылысты ИМ содырлары мойнына алды. Оқиғадан екі полицей қаза тапқан еді.
ЕО Беларуське адам құқықтары мен демократия талаптарын бұзғаны үшін салған санкцияларының біразын алып тастап, Минскімен ынтымақтастық жобасын әзірледі. Бұл Беларусь авторитарлық режимін онан сайын еркінсітеді деп уайымдайтындар бар.
Батыс елдерінің Еуропаға Ресейден төнетін қауіп-қатерді тежеуге бағытталған стратегиясы Мәскеудің шамына тиеді.
Владимир Путиннің ең жақын екі одақтасы - Ресей праваслав шіркеуі патриархы Кирилл мен премьер Дмитрий Медведев шетелге ауыр міндет арқалап кетті, ал Ресей президентінің өзі елде қалды.
Грузияның өзін тәуелсіз деп жарияланған Абхазия аймағы халық санын көбейту мақсатында жасанды түсікке тыйым салатын заң шығарды.
Eurovision ән байқауына Украина атынан қырымдық әнші Жамала шығатын тәрізді. Оның «1944» әнінде СССР диктаторы Сталин тұсында Қырым татарларын ОА-ға депортациялағаны баяндалады.
Астанада Ресей елшілігі консулдығына сол елдің «Отандастар» бағдарламасына құжат өткізуге күніне ондаған адам келеді. Елшілік мәліметінше, ТМД-да негізінен бұл бағдарламаға Қазақстан азаматтарының ықыласы ерекше.
Еуропарламент Қырым татарларының «құқықтарын өрескел бұзып жатқан» Ресейді айыптады. Мәскеу аннексиялаған Украинаның Қырым түбегінде жыл басынан бері байырғы халық өкілдерін қудалау жиілеген.
Өзбекстаннан әуелі Қазақстанға, кейін Ресейге жаяу-жалпылап қашқан босқын Әбдірешид Кушаев Эстонияға жетіп тұрақтаған. Енді оған ол жақ саяси баспана беруі мүмкін.
Тағы