Қазақстанның ЕАЭО саммитін Ереваннан басқа қалада өткізу ұсынысына Ресей «келісуге дайын». Сарапшы «Қазақстан өкілдері Ереванға барса, Баку оны Арменияны қолдау деп түсінеді» дейді.
Армения мен Әзербайжанның Қарабақтағы қақтығысы әлемнің бір түкпіріндегі кезекті бір жанжал болып көрінуі ғажап емес. Бірақ мұнда бірнеше елдің энергетикалық һәм әскери мүддесі тоқайласып жатыр.
Шығыны еселеп өсіп, іске қосылуы шегеріліп келген Ресейдің «Восточный» ғарыш айлағы бірер аптада алғашқы зымыран ұшырып, сынап көрмек. Бірақ айлақтың толық жұмыс істейтін күні алыс.
Қырымда туып-өскен шахматшы Сергей Карякин шахматтан әлем чемпионы атануға тырысатынын, 2009 жылы отаны Украинадан теріс айналып, Ресейге көшкенін, Путинді қолдайтынын баяндады.
Ресей православ шіркеуі өкілі болған кезінде Всеволод Чаплинге ешкім тимейтіндей көрінген. Ресейде БАҚ арқылы танылған ол әсіреконсервативтік пікірлер айтатын. Енді ол жұмыстан босады.
Моңғолия астанасына жаңа рейс ашуды жоспарлаған Air Astana «Ресей тарабы келісім бермей жатыр» деген уәж айтады. Сарапшылардың сөзінше, мұның әрқилы себебі бар.
Башқұртстанның Қазақстандағы өкілдігі 1 сәуірден бастап жабылмақ. Өкілдік басшысының айтуынша, бұған Ресейдегі экономикалық ахуал себеп болған.
Ресей соты екі журналисінің өліміне байланысты айыпталған украиналық ұшқыш Надежда Савченконы соттап, айыппұл төлетіп, колонияға жіберуге үкім етті.
Бүгін Ресейде украиналық әскери қызметші Надежда Савченкоға сот үкімі шығуы тиіс.
Белсенді Игорь Каляпин Ресейдегі полиция зорлығымен күресіп келеді. Ол Шешенстандағы ондаған оқиғаны құжатқа түсіргенімен, бірін де сотқа жеткізе алмады. Бірақ Рамзан Қадыровтың қаһарына ілінді.
28 панфиловшы жайлы аңыздың ойдан шығарылғаны жөнінде құжат жариялаған Ресей мемлекеттік архиві директоры Сергей Мироненко қызметінен алынды. Ол «өтірік тарих жасағысы келмейтінін» айтады.
Наурыздың 14-і Путин Сириядағы әскерінің «негізгі бөлігін» шығаруды бұйырып, әлемді таңғалдырды. Бес ай бұрын Ресей әскері Сирияда әуе шабуылына кіріскен еді. Тосын шешім астарында не жатыр?
Тағы