Ресей билігі өз құралы санайтын бизнеспен біте қайнасып жатыр. Мұндай «гибридтік басқару» түрі әлдекімдерге оңтайлы көрінгенімен, ол Ресейдің болашағына үлкен қауіп төндіреді дейді сарапшылар.
Кремльдің үгіті өктем, қарапайым ресейліктер үні көп естілмейді. Азаттықтың Орыс қызметі Ресей қоғамының түрлі өкілдерін, әрқандай мамандық иелерін сөзге тартып, оларды не толғандыратынын ашық әңгіме форматында жариялап келеді.
Ресейде «№1 террроршы» атанған атышулы Шәміл Басаевтың қаза тапқанына он жыл болды. Ресей билігі оның өлімін террормен күрестегі шешуші оқиға деп атаған.
Польшада өтіп жатқан НАТО саммитінде Франция президенті Франсуа Олланд «Ресеймен қатынастағы барлық мәселені НАТО шешпейді. Франция үшін Ресей жау емес» деп мәлімдеді. Алайда НАТО саммитінде Ресей шекарасына жақын төрт елде альянс әскерін орналастыру шешімі қабылданды.
Бүгін Польша астанасы Варшавада НАТО-ның екі күндік саммиті басталды. Саммитте ғаламдық мәселелер талқыланбақ.
Екі жыл бұрын Уэльсте өткен НАТО саммитінде басталған көп мәселе Варшавада жалғаспақ. НАТО елдері басшылары Уэльсте «төтенше жағдайда» бас қосқан еді. Енді бұл одақ ұзақ та шиеленіскен араздыққа әзірленіп жатыр. Кей саясаткерлер саммит шешімдерінің әсері ондаған жылдарға созылады дейді.
Change.org сайтында жарияланған, Ресейдегі балалар құқықтары омбудсмені Павел Астаховты отставкаға кетіру жөніндегі петицияны 150 мыңнан астам адам қолдаған.
Қазақстан мен Украина кәсіпкерлері «1 шілдеден бастап Украинадан Ресей арқылы жүк тасымалдамауға» шақырған хабарламалар ала бастады. Қазақстан билігі украин тауарларын өткізу тәртібін ұзарту мүмкіндігі туралы сауалға Ресейдің жауап бермей отырғанын айтты.
Стамбул әуежайына шабуыл жасап, өздерін жарып жіберген үш адамның Ресей мен Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары екені хабарланды.
Ресей мен Түркия татуласуды ұйғарған сияқты. Анкара мен Мәскеу арасының оңалуға бет алуының сыры неде?
Ресейдің жаңа торпедасын Ыстықкөлде сынақтан өткізуі Қырғызстан билігі үшін күтпеген жаңалық болған.
Ұлыбританиядағы ЕО референдумының түпкілікті нәтижесі жұма күні жарияланып, елдің одақтан шығатыны анық болды. Ресей шат-шадыман.
Тағы