Ресейдің Cанкт-Петербург қаласындағы метрода жарылыс болып, оқиғадан соң қазақстандық Максим Арышев туралы түрлі мәлімет тарады. Ресейлік БАҚ-тың кейбірі оны құрбандар қатарына жатқызса, күдікті ретінде болжам жасағандары да бар. Қазақстан сыртқы істер министрлігі асығыс ақпараттарға сенбеуге шақырды. Азаттық әзірге Арышевтің туыстары Петербургке аттанғанын, оның жаралылар мен қаза тапқандар тізімінде жоқ екенін анықтады.