Украинада соғыс басталғалы 19 айға жуықтады. Қазір Ресей Украинаның қарымта шабуылына төтеп беруге бар күшін салып жатыр. Майдандағы ресейлік сарбаздар қажып, жүнжігенін айтып шағымданады. Ел арасында жаңа мобилизация болады-мыс деген қауесет өршіп, Кремль оны басумен әлек.
Армения басшылығы Ресейге ашық қарсы шығып, мәлімдеме жасай бастады. Бұған қоса, елде АҚШ жасағының қатысуымен әскери жаттығу өтіп жатыр. Бұл Ереван Мәскеуден іргесін аулақ сала бастады дегенді білдіре ме?
"Ресей мен Қытай әлсіресе, Орталық Азияның әрекет еркіндігі артады" дейді Стэнфорд университетінің профессоры, философ, 1992 жылы шыққан әйгілі "Тарихтың ақыры және соңғы адам" кітабының авторы Фрэнсис Фукуяма.
Кейінгі Ресейде доллар бағамы 100 рубльге дейін шарықтап кетті. Елдің Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені көтеріп, жағдайды реттегендей болды. Бірақ рубльдің әлсіздігі ұзақмерзімде Ресеймен тығыз экономикалық байланыстағы Орталық Азия мемлекеттеріне қышқыл тиетіні қазірден көрініп отыр.
Тағы