Владимир Путин өз елінің Covid-ке қарсы алғашқы вакцинаны шығарғанын мәлімдеді. Алайда, ақпараттың аздығы, сынақтың толық аяқталмауы және халықаралық мониторингтің жоқтығы бұл жаңалыққа күмәнді күшейтіп отыр.
Беларусь билігі 9 тамызда өткелі отырған президент сайлауы қарсаңында ел аумағында ресейлік "Вагнер тобы" жекеменшік әскери компаниясының 32 мүшесі ұсталғаны туралы мәлімдеді.
Қытайдың алып экономикасы пандемияның ауыр зардабын артқа тастап, қайта бас көтергенде, Орталық Азияның әлжуаз елдері барған сайын күшейіп бара жатқан Пекинге экономикалық және саяси тұрғыдан кіріптар болып қалуы ықтимал.
Ресей президенті Путиннің Хабаровск өлкесін уақытша басқаруға Мәскеуден адам жіберуі онсыз да наразылық күшейіп тұрған аймақтағы отқа май құйғандай болды.
Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағындағы Ингушетияда белсенділер тергеу органдарынан тоғыз жасар қызды сүндетке отырғызған клиниканы тексеруді сұрады. Құқық қорғаушылар бұл Ресейдің кей өңірлерде әлі күнге тыйылмаған ескі дәстүрге байланысты алғашқы ресми тергеу болатынын айтады.
Азаттықтың Орыс қызметінің тілшісі Любовь Чижова сәуірдің соңында өзінен COVID-19 симптомы байқалған соң емделу үшін қалай күрескені жайлы айтып берді.
Ресейден еліне қайтпақ болған жүздеген өзбек мигранты Қазақстан шекарасынан өте алмай тұр. Қазақстан коронавирус карантиніне байланысты көрші елдермен шекарадан өтуге шектеу салған. Өзбек азаматтары Нұр-Сұлтан мен Ташкенттен көмек сұрайды.
Коронавирус кесірінен дүниежүзі томаға-тұйық жабылған соң АҚШ-тағы шикі мұнай бағасы сәуірдің 20-сы күні күрт құлдырап, әлем экономикасы бұрын-соңды болмаған ауыр жағдайға тап болды.
Владимир Путин кезекті рет президент сайлауына түсуге кетәрі емесін мәлімдеді. Бұл туралы ол 10 наурызда Мемлекеттік думада айтқаннан кейін, депутаттар Ресей конституциясына тиісті өзгерту енгізуді қолдап дауыс берді. Путиннің өзі ұсынған заң жобасын депутаттар екінші оқылымда қабылдады.
ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы жиынында ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың қазасын зерттеу жайлы баяндама таныстырылды. Бұл құжат қылмысқа қатысы бар адамдарға қарсы жекелеген санкциялар енгізуге әсер етуі мүмкін. Мемлекеттік думаның вице-спикері құжаттың "практикалық мәні жоқ" дейді.
Әлеуметтік сауалнама қорытындысына қарағанда, соңғы екі жылда ресейліктердің президент Владимирге Путинге сенімі ол Кремль билігіне қайта оралған 2013 жылдан бері ең төменгі деңгейге түскен. Бұған не себеп?
Тағы