Ресей президенті Владимир Путиннің кеңесшісі болған, кейін оны сынаушылар қатарына қосылған саяси технолог Глеб Павловский Азаттықтың Грузин қызметіне сұхбат берді. Ол Ресейдің Украинадағы соғыста тығырыққа тірелгенін, Путин мен Ресейге Украинаға басқыншылықтың өтемі ауыр болатынын айтады.
Ресей Украинаға басып кіргеннен үш күн өткен соң президент Владимир Путин ядролық қаруды арнайы тәртіпке көшіруді бұйырды. Батыс шенеуніктері бұл мәлімдемеге назар аударғанымен, алаңдауға негіз жоқ деді. Қазір "Путин ядролық қару қолдана ма?" деген сұрақ күн тәртібіне қайта шықты.
Ресейде соғысқа қарсы шыққандар қатаң жазаланатынына қарамастан, азаматтық ұстанымын ашық білдіріп жүргендер бар. Солардың арасында мектеп мұғалімі, телеарна редакторы, суретші, ұлттық гвардия мүшелері билік саясатына қарсы шықты.
Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басып кіруге бұйрық бергелі Ресейдің мемлекеттік арналары соғыс барысы, Киев пен Батыс елдерінің әрекеті туралы шындыққа жанаспайтын, дәлелсіз ақпарат таратып келеді. Азаттық сондай кейбір ақпаратқа шолу жасап көрді.
Украинаға басып кірген ресейлік әскери техникалардың сыртындағы Z мен V әріптері Кремль "арнаулы операция" деп атайтын соғыстың ресми символына айналды. Оны автомобиль мен қоғамдық көлік сыртына, билбордтар мен жейделерге салып жүр. Ресейде оны соғысты жақтамайтындарды қорқытуға да қолдана бастаған.
Кейінгі күндері Украинадағы соғыс салдарынан қауіптенген ондаған мың адам Ресейден көшіп кетті. Олардың көбі Орталық Азия елдеріне барған. Батыс мемлекеттері ресейліктерге виза беруді шектегендіктен, олар бара алатын ел де көп емес.
Ресей билігі Украинаға соғыс бастаған соң оған тек кәсіби дайындықтан өткен жауынгерлер мен армияға келісімшартпен жалданған адамдар ғана қатысып жатыр деп мәлімдеген. Бірақ көп ұзамай соғысқа мерзімді әскери борышын өтеуге шақырылған қатардағы сарбаздарды да жібергенін мойындауға мәжбүр болды.
Ресей "арнаулы әскери операцияға" қатысқан қанша адамы тұтқынға түскенін жарияламай отыр. Ал тұтқындардың туыс-жақыны олар жайлы мәліметтерді қорғаныс министрлігінен емес, көбіне интернеттен біліп жатқанын айтады. Азаттықтың Орыс қызметі Украинада тұтқынға түскен адамдардың туыстарын іздеп жатыр.
Ресейдің Украинаға басқыншылығынан бейбіт тұрғындардың өлімі көбейген тұста Батыс шенеуніктері Пекинді Мәскеудің дипломатиялық шешім қабылдауына ықпал етуге шақырды. Мұның әсері бола ма?
Мәскеу жариялаған ресми мәлімет бойынша, Ресей 24 ақпанда Украинаға соғыс ашқалы бері 500-ге жуық ресейлік жауынгер қаза тапқан. Украина билігі өлген ресейліктер саны бұдан әлдеқайда көп дейді. Ресей халқына Украинаға кеткен туысының қаза тапқаны туралы "қара қағаз" келе бастады.
Ресей мен Украина арасындағы соғыста қолға түскен ресейлік жауынгерлердің аналары ұлдарының басқа елде тұтқында жатқанын интернетте тараған видеолардан білген. Олар Ресей билігі балаларын соғысқа жіберетінін жасырып, енді тұтқындағы жауынгерлерді босатып алуға құлықсыздық танытып отырғанын айтады.
Тағы