Оралмандар мәселесі әлеуметтік қорғау министрлігінің құзырына өткесін, оралман мәртебесін беру туралы ереже қайта бекітілді. Азаттық бұл өзгеріс туралы оралмандар белсендісімен сұхбаттасты.
Астана қаласының маңындағы Қоянды ауылының тұрғындары ауыз су сапасыз, жол мүлдем жоқ екенін айтады. Әкімдіктен үміт үзген тұрғындар құдық қазып, алты көшеге тас төсеп алған.
Баян-Өлгий аймағына келген Моңғолия президенті азаматтықтан айырылған қазақтардың маусым айында түгел қайта азаматтыққа қабылданатынын мәлім етті.
Теміртауда азаматтық ала алмай жүрген оралмандардың көбі қажетті «қағаз толтыруды тым ұзаққа созды» деп әдетте билікті кінәлайды. Ал билік өкілдері оралмандарды «құжатқа ұқыпты» болуға шақырады.
Айқай-шуға ұласқан бұл айтыстың үзіндісін Азаттық бұған дейін берген. "Мейірбек жеңді" деген қазыларға қарсы жұрт дүрлігіп, ақыры «екі ақын тең» деп жарияланған еді. Бұл - сол айтыстың толық нұсқасы.
Моңғолия азаматтығынан әр жылы түрлі себеппен шығарылған қазақтар ел президенті Цахиагийн Элбэгдоржыдан қайта қабылдауды сұраған. Олар өздерін «Қазақстандағы алаяқтық құрбандарымыз» дейді.
Талдықорғандық бір оралман отбасы азаматтық алу туралы құжаттарына қол жеткізу үшін екі жыл бойы құзырлы мекемелердің арасында сандалғандарын айтады.
«Нұрлы көш» бағдарламасы уақытша тоқтап, көші-қон комитетін қайта құру аяқталмаған шақта оралман статусынан үміттілер ықтиярхат ала тұрғылары келеді. Бірақ бұл құжат иелеріне ЖСН де, жәрдемақы да берілмейді.
Азаттық радиосы Монғолияда тұратын қазақтардың baiolke.com сайтына шолуды ұсынады.
Тағы